Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ана

Дата: 17.11.2020 Рубрика: Тастүлек
642
0
Ана

Өзімді болашақ журналист сезініп жазып отырғандаймын. Газетке өзімнің жазғанымды жіберетін кезде қатты қобалжып, ерекше қуанамын. Сәлем, досым! Менің есімім Айым. Өткен жолы мен өзімнің отбасым жайында жазған болатынмын. Бүгінгі тақырыбым өзімнің ғана емес, бәріміздің, жалпы ана деген үлкен ұғымға арналмақ.

Біз негізі Нұр-Сұлтан қаласында тұрамыз. Бірақ, менің көптеген туыстарым мен достарым Қостанай облысынан деп айтқан болатынмын. Әсіресе, көп құрбыларым Арқалық қаласында. Газетке сол құрбыларыммен бірігіп мақала беріп отырамын. Сол үшін де олардың барына қуаныштымын.

Мен үшін «ана» деген үлкен ұғым, киелі есім. Кез-келген адам үшін ананың орны бөлек, әрі ерекше құрметке лайық адам. Әлемдегі ең сұлу, ең ғажайып сөз – ол ана. Бөбегін құрсағында тоғыз ай көтеріп, ол ер жеткенше түн ұйқысын төрт бөлген қадірлі жан. «Жұмақтың кілті ананың табанының астында» деген ұлы сөз бар. Осы сөзден-ақ ананың қандай адам екенін түсінуге болады. Анасын сыйламаған адамның ешқашан жолы болмайды. Анаңды қасиетті Меккеге үш рет арқалап апарсаңда аздық етеді. Өйткені, оның сен үшін жасағанын ештеңемен қайтара алмайсың. Дүниеде ана махаббатынан асқан ұлы сезім күші жоқ. Сол бір үш әріпте қаншама мағына жатыр, солай емес пе?! Қандай жағдай болмасын сенен көмегін аямайтын, сені бәрінен де қатты жақсы көретін, сен үшін отқа да, суға да түсуге дайын тек анаң ғана. Біз аналарымыздың алдында мәңгілік қарыздармыз. Саған өмір сыйлаған адамды, өмір бойы сыйлау сенің міндетің!

Менің аяулы анамнгың есімі Айнагүл. Ол кісі ұлағатты ұстаз. Мен анам қызмет істейтін мектептің білім алушысымын. Анамды қалай қатты жақсы көретінімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бірге өткізіп келе жатқан күндердің барлығы да ерекше есте қаларлықтай. Мен қандай ерке, бұзық, тентек болсам да, анам мені қатты жақсы көреді. Анам екеуміз бірдей киініп жүргенді жақсы көреміз. Қай жерде жүрсек те киімімізбен көзге түсеміз. Анам үшін жазған шығармам да аздық етеді. Қолымнан келгенше анамды ренжітпеуге, ол кісіні сыйлауға, өмір бойы құрметтеп өтуге, айтқан ақылын тыңдауға, жылатпауға, қашанда жанынан табылуға тырысамын! Мен анам үшін бәріне де дайынмын! Ал, сен анаң үшін бәріне дайынсың ба?

 

Айым САДЫҚ

Нұр-Сұлтан қаласы

6 сынып оқушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!