Менің атам мен әжем
Менің атам мен әжемді “соғыс балалары“ деп, айтуға болады. Себебі олар 1936 жылы туған. Соғыс басталған кезде, атам мен әжем кішкентай бала болған. Атам – Байжанов Жұмабай, әжем – Кадырова Мария.
Соғыс аяқтағанда, олар өз ауылдарын жинап, көмектескен. Атаның әңгімелерін тыңдау- қандай қызық! Атам Педагогикалық институтті бітірген соң, Әулиекөл ауданына көшті. Ал әжем Алматыдағы педагогикалық училищесін бітірген. Әулиекөлде атам әжеммен танысқан. Олар мектепте бірге жұмыс істеген екен. Атам – тарих пәнді, ал әжем - математика пәнді үйреткен. Олар үйленіп, 5 баланы тәрбиеледі. Мен әкем – кенже бала. Биыл олар бірге өмір сүргеніне 60 жыл болады! Гауһар той.
Осы 5 баланың өз балалары да бар. Атам мен әжемнің 9 немересі да бар. Және 8 шөбересі бар. Біз өз ата, әжелерімізді мақтан тұтуымыз керек. Олардың еңбектерін ақтауымыз, құрметтеуіміз қажет!
Байжанова Асия 5 «А» сыныбы
С.Мәуленов мектеп - гимназиясы
Комментарии