Онлайн- мектеп
Бәріміз үшін, яғни мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы үшін биылғы жаңа оқу жылы бұрынғыдан өзгерек болды. Ең ауыр тигені, бірінші сынып оқушылары мен, жалпы шәкірттер үшін мектептерде алғашқы қоңырау соғылмады. Қазіргі кезде елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты біз мектеп оқушылары онлаин мектеппен оқуды оңай бастадық. Оқушылар алғаш рет сабағын қашықтан оқуды бастады. Меніңше, жиырма бірінші ғасырдың озат оқушылары бұл тұрғыда еш қиналмайды деп ойлаймын. Керісінше, технологияны меңгеру көңілімізге жаққандай.
Шын мәнінде, онлайн формат мектептерде бұрын соңды болмаған, сондықтан алғашында бұл қиындық тудырды. Әсіресе төменгі сынып оқушыларға, алайда мұғалімдердің көмегімен барлығына тез үйреніп кетті. Менің ойымша мұғалімдердің қадірін көп адамдар енді түсінгендей. Ол кісілердің біз үшін жасап жатқан еңбектері ерен. Мың алғыс, ұлағатты ұстаздарым! Үміттеріңізді ақтар шәкірттеріңіз көп болсын!
Жалпы, мен онлайн мектепте оқытуды келешектеде қолдап, қолдануымыз қажет деп ойлаймын, себебі көп уақытымызды үнемдеуге болады. Ол үшін біз қазіргі кезден бастап жақсы оқуымыз керек. Осының салдарынан біздің болашағымызда үлкен жетістік болады деп ойлаймын. Талмай білім алып, үнемі ізденісте болайық, замандасым!
Нұрайлым ОРАЗ
Заречный орта мектебінің
8 сынып оқушысы
Комментарии