Қамқорлық
Қамқорлық адамның өзгелерге деген ыстық ықыласын білдіреді. Адамдар мен жануарларға қамқорлық жасау адамгершіліктің белгісі деп білемін. Мен 4-ші сыныпта оқимын. Дүкенге нан әкелуге бару үшін үнемі кең көшеден өтемін. Бір күні әдеттегідей сол көшеден өтпекші болдым, жолдың қақ ортасында машинаға қағылып қалған итті көрдім. Жаныңда үш күшігі бар екен. Бейшара күшіктерге жаным ашып кетті. Дерек жандарына жүгіріп барып, оларды үйге алып кеттім. Сүт беріп, үлкен қораптан үйшік жасап, жағдайларын жасап бердім. Аналарын жоқтамас үшін өзімше қамқоршылары болуға тырыстым. Қызығы олардың жетім екендері қаперлеріне де кіріп шықпайды. Тамаққа тойып алып, бір-бірімен ойнап, жабысып ұйықтап кетеді. Жануарлардың адам баласынан айырмашылығы да осы шығар. Бір жағынан олардың жануар екендігіне қуандым. Әйтпесе жетімдікті сезініп, қиналар еді. Табиғат заңдылығы деген осы шығар! Әрдайым бір бірімізге көмектесіп, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын соза білейік! Қазіргі таңда қамқорлық, мейірімділік адамдарға өте қажет. Айналаңа жақсылық жасай біл!
Сержан Серік,
Б.Қолдасбаев атындағы орта мектебі
4 «Б» сынып оқушысы,
Амангелді ауданы
Комментарии