Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өрге жүзер Сания!

Дата: 10.11.2020 Рубрика: Тастүлек
421
0
Өрге жүзер Сания!

«Ақыл жастан, асыл тастан» дегендей, өнер кені жастарда. Әсіресе мектеп оқушылары өнерге құштар келеді. Менің өнерге жақын шәкірттерімнің ішінде Файзуллина Сания Наримановна сыныбымның білімді де білікті, тәртіпті де тәрбиелі, алғыр әрі ақылды оқушыларымның бірі. Бір таңқаларлығы бала барлық пәндерден де бірдей қабілетті, әрі өте жан-жақты оқушы. Санияның жетістіктерін айтса айтарлықтай: ол мектебіміздегі үздік оқушылардың бірі, жыл сайынғы мектепішілік, қалалық, облыстық және республикалық сайыстардың жеңімпазы. Бала күнінен өнер мен қатар білімге де қатты құмар. Бұған дәлел жоғары атап өткен жетістіктері.

Білімнен бөлек Сания биге де өте икемді. Бір бойында қабілеті жетерлік. Ол бимен айналысуды 3 жасынан бастаған екен. Менің үздік шәкіртім билегенді және сурет салуды ұнатады. Болашақта киім дизайнері немесе стилист болғысы келеді. Оның қолынан келетініне сенімдімін. Себебі, оның талабы зор. Сонымен қатар, патриоттық өлеңдерді оқығанды жақсы көреді. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын талантты оқушылар қатарынан табылатын Санияны болашақта тек биіктерден көргім келеді. Шәкірттің жетістігі, ұстаздың еңбегінің ақталғаны деп білемін!

Сания әрдайым өз күшіне, жеңіп шығатынына, барлығы жақсы болады деген үмітпен жүретін оқушы. Осы принциптерді ұстанып әрбір жарысқа асқан жауапкершілікпен және үлкен сеніммен қатысады. Санияның жеткен жетістіктерінің бірқатарын айта кетсем:«Менің Қазақстаным» атты облыстық зияткерлік-танымдық ойынында 1 орын алған 2019 жылы Қостанай қаласы; «Күз сыйы» атты көрме сайысында 1 орынға ие болған 2019 жылы Қостанай қаласы; Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының халықаралық жанрлық фестиваль-байкауы «Танғы Шұғыла» 2019 жылы Қостанай қаласы – Номинация «Театр Моды» ГРАН ПРИ; Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының халықаралық жанрлық фестиваль-байкауы «Танғы Шұғыла» 2019 жылы Қостанай қаласы –Номинация «Хореография» - 2 орынға ие болды. т.б. Тізе берсем өте көп.

Сонымен қатар, Сания биылғы оқу жылында қашықтықтан өткен қалалық ғылыми «Зерде» зерттеу жұмысына қатысып, 3 орынға ие болды. Әрқашан жетістікке жету жолдарына ұмтылатын, білімді де талантты, дарынды оқушым Санияның болашағы жарқын, мақсаты анық екеніне сенемін. Ендеше Сания оқушыма әрдайым сәттілік серігің болсын дегім келеді! Сенің талабың таудай, тек алға ұмтыла бер!

 

Торғын Әліпбекова

№ 24 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!