Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кешегі қиял – бүгінгі шындық

Дата: 10.11.2020 Рубрика: Тастүлек
14333
0
Кешегі қиял – бүгінгі шындық

Адам баласы қанша жасқа келсе де, қанша жаста болса да өзінше бөлек әлемде қиялдайды, көптеген нәрсені армандайды, ойлайды, фантазияға ерік береді. Бірақ, ойлаған қиял ертең жәй ғана ертегі болып қалмай, шынайы өмірде шындыққа айналуы үшін әрекет еткен дұрыс деп білемін. Қиял деген бейне бір қыран секілді. Ойдан, қырға, жерден, көкке ұшып-қонады да жүреді. Дегенмен, әр адам сол бір қыранға мініп өмірге қарай беттеуі қажет. Арманға ұмтылып, алдына мақсат қойып, ойлағанын жүзеге асыру үшін білім алып, талмай еңбек ету маңызды. Өмірге талпынуға әркімнің де бар таласы.

Мен «қиялсыз адам – трұсаусыз есек» деген сөз шыныменде дұрыс айтылған. Менің ойымшада бұл үлкен ұғым. Меніңше ештеңе ойламайтын, армандамайтын, ерекше қиялдамайтын адам болмайды. Ата-бабаларымыз қиялдай біл, армандай біл – бұл өмір деп айтқан көрінеді. Иа, шын мәнінде өмір арман мен мақсаттан, адамның қиялынан тұрады ғой. Жалпы, фантазия – адамның көз алдында өмірдің гүлденуі, ерекше көрікті болуы деп есептеймін.

Мен күнде ұйықтар алдында қиялыма ерік беремін. Арман қанатын тағып алып алыс жаққа ұшып келемін. Кейін әдемілеп жерге қайта қонамын. Бұл мен үшін ерекше сезім және оны барлық адам сезіне біледі. Бәріне тілерім, кешегі қарман еткен қиял – бүгінгі шындыққа айналсын! Армандаудан қорықпа! Алдыңа мақсат қой, ойыңды жүзеге асыр! Тек қана алға самға!

 

 

Нұрдана ХАЙРОЛЛИНА,

№4 орта мектептің

8 сынып оқушысы,

Арқалық қаласы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!