«Мәңгілік ел» және жастар
Біздің редакцияға Сырбай Мәуленов атындағы гимназияның оқушысы Нұрай Баймағамбетова хат жазыпты. Нұрай бос уақытта кітап оқуды ұнатады екен. Оған көбінесе қазіргі заманғы әдебиет пен драма сияқты жанрлар ұнайды. Нұрай кітап оқудың арқасында эссе жаза аламын дейді. Ал жоғары сыныптарда эссені жиі жазуды талап қойылады. Сондықтан достар кітаппен дос болу керек! Кітап оқыған адамның тілі бай болады және мақалда айтқандай: «Кітап-ғылым- тілсіз мұғалім». Ал Нұрай эссе жазуды ұнатамын, өйткені осы әдебиет жанрда кез келген тақырыпқа, мәселеге өз ойын, пікірін нақты білдіре аласын. Мысалы, қазіргі таңда қоғамда қандай құндылықтар қозғаушы күшке ие? Деген сауалға мынадай эссе жазған екен:
« Менің ойымша, ең басты құндылық – отбасы. Қоғамның әрбір мүшесі өз отбасын құрметтеуі керек. «Отбасы – кіші Отан» деп тегін айтылмаған болар. Сонымен қатар, «Отан – елдің анасы» демекші, елімізді қадірлеу, оның өркендеуі үшін үлес қосу – әр азаматтың парызы. Әр тұлға өз салт-дәстүрін сақтап, дәріптеп, өз ана тілін жетік білуі тиіс. «Мәңгілік елдің» тірегі жастар болғандықтан, олар, ең алдымен, жан-жақты, білімді, заманға сәйкес бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарды бойына дарыта білген тұлға болуы тиіс. Халықтың жанашыры ретінде қалыптасу маңызды. Сонда ғана өркениетті елдердің қатарынан табыламыз. Мен, жас ұрпақ ретінде, болашақта Отанымның көркеюіне зор үлес қосамын деген сенімдемін».
Жәмила Сейтқанова
Комментарии