«Еңбегің кетпес далаға...»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық сананы жаңғырту және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру үшін Абайдың шығармаларын мұқият оқу керектігіне тоқталған еді. Өйткені, Абайдың қоғамдағы көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы.
Бұл президентіміздің бүгінгі жастарға, яғни бізге берген бағдары болғандықтан, міндетіміз – мұраны әрі қарай жандандырып, оны алып кету. Сондықтан да республика көлемінде, соның ішінде бізді мектебіміз де Абай атамыздың мерейтойын тойлаға қалыспай кірісіп кетті. Тоқтала кететін болсам, № 29 орта мектебіміздің Ұлағатты ұстаздар қатарында қазақ тілі мен әдебиет пәні мамандарының ұйымдастыруымен көптеген іс-шаралар өткізілуде. Білім ордамыздың тұсаукесері 2019 жылы қиылып, жаңа мектеп болып ашылса да , шамалы уақыт аралығында қаншама өнер, еңбек көрсетілді. Тіпті пандемияға қарамастан, игі іс-шараларымыз қашықтықтықтан да өткелі отыр. Мұның барлығы ұстаздарымыздың біліктілігінің арқасында деп білемін.
Осы жерде мен мектебіміздің мұғалімдеріне, әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Мұқышқызына шексіз алғысымды айтқым келіп отыр. Себебі, ол кісі мені шабыттандырып отыратын, әрқашан қол ұшын созатын қадірлі жан. Мектептегі ең бірінші қолдаушым Ботагөз апай. Ал, үйде әрине анам. Анам мен үшін ерекше жан. Ол кісі менің әр бастамама қолынан келгенше қолдау білдіріп, тілекшім болапы отырады. Әрқашан дем беріп, мен талай конкурстарға қатысқан кезде тақымын қысып отыратын, үнемі қорғап жүретін менің ең жақын адамым. Аналарымыз аман болсыншы.
Құрметті менің ұлағатты ұстаздарым! Біз сіздерді бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі жол сілтеушісі болғандарыңыз үшін мақтан етеміз! Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуларыңызбен бірге, бізді сабырлы мінездеріңізбен, салиқалы, салмақты ақылдарыңызбен тәрбиелеп отырғандарыңыз үшін шәкірттік ықыласымды білдіргім келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегендеріңіз үшін біз сіздерге әрқашан қарыздармыз. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіп жүре беріңіздер дегім келеді. Қашанда шығармашылық ізденістеріңіз бен ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін! Бізбен мақтанып жүргейсіздер!
Дидар ЕРЛІБЕКҚЫЗЫ
№29 орта мектебі
9 «А» сынып оқушысы
Комментарии