Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қашықтыққа үйрендік

Дата: 10.11.2020 Рубрика: Тастүлек
444
0
Қашықтыққа үйрендік

Биылғы жаңа оқу жылы біз үшін ерекше болды. Кейде қуанамызба, әлде мұңаямыз ба білмей қаламыз. Дегенмен, басқалар қалай, біз де солай білім алып жатырмыз. Әрине, онлайн сабақ ешкімге оңай емес.

Қашықтықтан оқыту көп жылдан бері оқу орындарында дәстүрлі түрде өз орнын тауып келген оқытудың бір түрі екендігі бәрімізге мәлім. Дегенмен, қазіргі таңда әлемде болып жатқан індеттің таралуына байланысты бұл оқыту түрінің маңыздылығы арта түсті. Себебі еліміздегі мектептер Covid-19-дың таралу қаупіне байланысты өз жұмыстарын тоқтатып, оқушыларды қашықтықтан оқытуға кірісті. Ал қашықтықтан оқыту босаңсуға жол бермейді, өйткені қазіргі заманғы технологиялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерін қашықтық форматқа көшіруге толығымен мүмкіндік береді. Яғни, қашықтықтан оқыту карантин жағдайында оқу үрдісін жалғастыруға мүмкіншілік туғызып отыр. Үйде отырып білім алған бір жағынан ыңғайлы, бір жағынан қолайсыз. Дегенмен, қазір бәрі де үйреніп кетті.

Қазіргі кезде біз түрлі программалармен сабақ оқимыз. Олар: «Online mektep», «Zoom», «WhatsApp» және тағы басқа программалар. Біз көбінесе «Online mektep» программасын қолданамыз. Бұл программаның тиімділігі оқушы тақырыпты жылдам түсінеді. Себебі бұл программада оқушыларға арналған түрлі видео түсіндірулер мен конспекттілер бар, сонымен қатар оқушылардың білімін тексеруге арналған тапсырмалар жүктелген. Бұл программа арқылы оқушы тек қана білім алып қоймай, өзінің білімін тексеруге мүмкіндік береді. Менің ойымша қашықтықтан оқыту арқылы біздің еліміз біршама дамыды. Әсіресе, технологияны жақсы меңгердік. Сондықтан, қашықтықтан оқытудың да өз пайдасы бар екенін ұмытпағанымыз жөн.

 

Сабина РАҚЫМ

Заречный орта мектебінің

8 сынып оқушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!