Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өнерлі өрен – Мұхәмедәли

Дата: 03.11.2020 Рубрика: Тастүлек
488
0
Өнерлі өрен – Мұхәмедәли

Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің өнерлі, талантты оқушысы Мұхаммедәли Асылбекұлы биыл облыстық «Махамбет оқулары» байқауынан жүлделі І – орынды жеңіп алды.

Мұхаммедәли сабақтағы жақсы үлгірімімен қатар, өнерді де қатар алып жүрген оқушы. «Екі жұлдыз» байқауының жүлдегері, қалалық «Тәуелсіздік - мәңгілік жыр» атты патриоттық әндер байқауында «Үздік әнші» аталымын иеленген.

«Нұрталап-2019» республикалық өнер байқауында 11-14 жас аралығындағы жас әншілердің арасынан вокал жанры бойынша жүлделі - I орынды еншілеген. «Таланты Казахстана» атты байқауында бағы басым түсіп, Гран - При иеленген. «Новый формат» халықаралық фестиваль-конкурсынан I дәрежелі дипломмен марапатталып, лауреат атанған. Есімі республикалық «Ғылым» баспаханасынан шығатын «Қазақстанның үміт артарлары. Қазақстан Республикасының алдыңғы қатардағы оқушылары. 2019 - 2020 оқу жылы» жинағына енген.

«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми - практикалық орталығы өткізген облыстық Махамбет оқуларында: «Ұлы арман» Махамбет күйлерін, Төлеген Айбергенов, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне жазылған әндерін орындау номинациясында жүлделі I орынды иеленді.

– Мұхамедәли талапты да, талантты оқушы. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей сбағымен қатар, өнерді де алып жүреді. Жоғары деңгейдегі түрлі байқаулардан қашанда мерейі үстем болып, жүлделі орындар алып жүр. Мен осындай өнерлі шәкірттерімнің болашағынан зор үміт күтемін, - дейді сан дарынды сахнаға шығарып, талабын ұштап жүрген ұлағатты ұстазы -Тұрсынай Сәбитбекқызы.

 

Мұрат Бекетұлы.

Арқалық қаласы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!