Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Алтын күз

Дата: 03.11.2020 Рубрика: Тастүлек
779
0
Алтын күз

Күз – бұл өте тамаша жыл мезгілінің бірі. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі сияқты құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, бірде күн шайдай ашылып тұрады. Айнала алтын кілем жамылғандай. Құстар жылы жаққа ұшып, диқаншылар егін жинайды.

Күздің бірінші күні білім мерекесімен басталды. Осы жылы 1-ші қыркүйек ерекше болды. Себебі мектепке бармай қашықтан оқуды бастадық. Біздің Қымбат апай 1-ші қоңырауды өте көңілді етіп өткізді. Қашықтан оқудың жақсы және жаман жағы бар.Жақсы жағы біздің Қымбат апай сабақты түсінбесек видео қоңырау арқылы түсіндіреді.Жаман жағы мен үшін «зум» бағдарламасына қосылу қиын болды. Себебі әкем-анам жұмыста, интернет ұзақ қосылмай мені әуреге салды. Алайда 2 айдың ішінде көп нәрсе үйрендім.Онлайн мектепке күнде кіріп тест өтіп,тапсырмаларды орындап жүрмін. Сұрақтары өте қызық және пайдалы.

Қарттар күні әсерлі өтті.Дүниетану сабағында өткен « Мен және қоғам » тақырыбында менің түсінгенім- біздің елде қарт адамдар 1-ші орында. Қарттар біздің ақылшымыз, арқа сүйер асқар тауымыз. . Біздің ел үшін Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймаутов, Сәкен Сейфулин, Бауыржан Момышұлы сияқты көп аталарымыз еңбек сіңірген. Мен осындай ақылды, батыр, білімді аталардың ұрпағынан таралғаныма мақтанамын.

Кез келген адам өзінің ататегін жатқа білу керек екенін де білдім. Менің жеті атам: Алмас – Нұрғали – Тоқтасын - Бәкірдін –Балуан – Түлкібай - Түрікпен. Меніңд е аталарым ақылды, батыр, білімді, елге сыйлы, еңбекқор адамдар болған. Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі «бес нәрседен қашық бол: :өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ.Бес нәрсеге асық бол: талап, еңбек,терең ой, қанағат, рақым ойлап қой» деген сөздерден өзіме көп нәрсе ұқтым.

Жәния НҰРҒАЛИ,

Қосанай қаласы,

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!