Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Менің мектептегі өмірім

Дата: 27.10.2020 Рубрика: Тастүлек
710
0
Менің мектептегі өмірім

Биылғы 2020 жыл көбінің есіңде COVID-19 вирусы таралған жыл ретінде есте қалары сөзсіз. Аталмыш вирустың алдын алу үшін көптеген мекемелерді жауып, жоғарғы оқу орындары мен мектептерді қашықтықтан окуға көшірді. Бұған оқушылар мен ата-аналардың үйренісуі қиын болғандай. Себебі, қашықтықта оқу кезінде материалды түсіну оңай болған жоқ. Сол себептен болар, кейін көп жерлерде мектептер ашыла бастады. Соның ішінде біздің №3 Денисов орта мектебі де бар. Әрине, барлық мектептердегі секілді бізде де кезекші сыныптар тағайындалған. Санмитарлық-эпидемиялық нормаларды үнемі сақтап жүреміз. Мысалы, біз вирустан қорғану үшін бірнеше ережелерді ұстанамыз. Олар:

1. Әрқашан маскамен жүру;

2. Қолымызды антисептикпен жуу;

3. Парталардың арасында 2 метрге дейін қашықтық сақтау;

4. Мектеп дәлізіне шыққан кезде топтасып жүрмеу және арақашықтық сақтау. Осылардың барлығын ұстаздарымыздың қадағалауымен қатаң түрде ұстанамыз. Себебі, мұндай сақтық шараларының барлығы біздің денсаулығымыз үшін өте маңызды. Міне, біз осы ережелді ұстанып, вирус жұқтырудың алдын аламыз. Оқушылар мектепке барғанда үйлерінде жүргендей жүгіріп, барлығымен араласып, топтасып жиналып, ұстаздарды тыңдамай жүрмесе екен деймін. Өйткені, ұстаздарымыз біз үшін еңбек етіп, қолдарынан келген көмектерін жасап жүр. Ол кісілердің еңбектері ерен деп білемін. Сондықтан, оқушылар және менің замандастарым, вирусты тоқтатуға атсалыс, өзіңді және жақыныңды қорға!

 

Асылай МАРАТ

№3 Денисов орта мектебі

8 сынып оқушысы

Денисов ауылы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!