Мекептегі күндерім
Жаңа оқу жылының басталғанына бір айдан артық уақыт өтті. Бір жағынан асыға күткен сабақтың тез өтіп кеткенін қаламаймын. Мен кішкентай болсам да, елде болып жатқан жаман жағдайды білемін. Күнде жаңалықтардан көріп, тыңдап отырамыз. Әкем мен анам біздің өміріміз үшін алаңдайды. Қазақстанда тек жақсылық болса екен деп армандаймын. Адамдар ешқандай ауруға берілмесе екен. Бәріміздің денсаулығымыз мықты болсын.
Көптеген қалалар мен аудандарда оқушылар қашықтықтан оқып жатыр. Олардың мектеп өмірін сағындары белгілі. Біздің ауылда онлайн оқуға мүмкіндік бәрінде келе бермейді. Біз сөмкемізді арқалап күнде мектепке барамыз. Мен мектепке келіп білім алып жүргенім үшін қуанамын. Үйде отырып оқу дегенге мүлдем қызықпаймын. Себебі, достарым мектепте менімен бірге. Бірге әңгімелесіп, сабақ орындаймыз, көңілді күйде үйге қайтамыз. Сыныптастарыммен бірге бір сыныпта отыру мен үшін үлкен бақыт. Онлайн оқысам оларды мүлдем көре алмайтын едім. Ұстазымыз айтпақшы, мектеп біздің екінші үйіміз. Сондықтан, мектепке аса құрметпен қарау қажет. Сол үшін болар мектепке үйіме бара жатқандай сезіммен барамын. Мен үшін мектеп әрдайым ыстық. Өз Отанымда, қазақ тілінде оқып білім алып жүргенім үшін мақтанамын!
Маржан АСҚАР
№3 Денисов орта мектебі,
3 сынып оқушысы,
Денисов ауданы
Комментарии