Аяжаннан үлгі ал
Нұртай Аяжан Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназияның бар болғаны 2 сынып оқушысы. Әлі бүлдіршін болса да, Аяжан өте дарынды, әрі жан-жақты. Ол өзін бала күннен шыңдап келеді. Нақтырақ айтсам, небәрі 4 жасында Аяжан гимнастикаға барған. Әлі күнге дейін өзінің осы сүйікті ісімен айналысады. Қалалық концерттік іс-шаралар мен қала өміріне белсене атсалысып жүргені үшін алған бірнеше мадақтамалары да бар. Гинастика Аяжанның жанына жақын өнер. Оны ешқашан тастамаймын дейді, дарынды қыз.
Гинастикадан бөлек, Аяжан қазіргі таңда музыка мектебіне барып жүр. Ондағы таңдаған аспабы қобыз екен. «Қатысып жүргеніме көп болған жоқ, бірақ маған қобыз қатты ұнайды» дейді ол.
Өнерден бөлек, кішкентай талант иесі спортқа да жақын. Ол жүзу мен толғызқұмалақ үйірмесіне де қатысады екен. Осының бәріне 8 жасында үлгеріп жүрген Аяжан, өсе келе елге танымал тұлға болып шығуы әбден мүмкін. Өнерің өрге жүзссін дегім келеді.
Оқырман, сенің замандасың, мүмкін сене де кіші Аяжан сабағында жақсы оқиды. Мектепте өте белсенді оқушы. Қазіргі таңда оқу қашықтықтан жүріп жатқаннан кейін, пәндік олимпиадалар да онлайн өткізілуде. Сондай олимпиадалардан Аяжан жүлделі орындар алып жүр. Мысалы, www.tio.kz Республикалық сайтының ұйымдастырған онлайн олимпиадасының 2 дәрежелі жүлдегері. Дәл осы мәтінде математика пәнінің жеңімпазы және дүниетану пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиаданың 1 дәрежелі жеңімпазы атанған.
Аяжан сабақ оқып болғаннан кейін, анасына үй шаруасына көмектеседі, артынан еріп келе жатқан кішкентай ғана сіңілісіне де қарайласады. Өте пысық, алғыр қыз болашақта дәрігер болғым келеді дейді. Сендерде Аяжаннан үлгі алып, алға ұмтылып жүріңдер, балақайлар!
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ
Комментарии