Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Арманы- Әлем чемпионы болу

Дата: 20.10.2020 Рубрика: Тастүлек
456
0
Арманы- Әлем чемпионы болу

«Мен бала күннен спортқа қатты қызығамын. Есімді білгелі жаттығу жасаумен келемін. Арманым- Әлем чемпионы болу», – дейді Алан. Иә, құрметті біздің кішкентай оқырман, бүгін мен сендерге өздеріңнің замандастарың, спортшы жігіт Көбейсин Алан жайлы айтқым келіп отыр.

Бала күнінен спортқа құмар батыр жаттыруға 5 жасынан бастап қатысып келеді. Спортпен айналысып жүргеніне 5 жыл болды. Аз ғана уақыттың ішінде оның жеткен жетістері өте көп. Түрлі жарыстарға қатысып үлгерген. Бірнешеун тізе кеткеніміз жөн болар. Сонымен, Алан «қоян-қолтық күрестен» бірнеше мәрте 1 орын иегері атанған, спорттық-патриоттық «Жас Ұлан» клубының алғашқы ашық чемпионатында Кун Фудан І орын алған, балалр мен жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық турнирде жекпе-жектен І орын иеленген, облыстық ашық турнирде Панкратионнан І орынды қанжығасына байлады, жасөспірімдер арасындағы облыстың іріктеу турнирінде Номад ММ бойынша І орын иегері атанған. Аланның бұдан бөлек екінші және үшінші орындарға ие болған жарыстары да бар. Бірақ, мен тек оның жүлделі орындарын жазғым келді. Оның замандастары Аланның жетістіктеріне қарап шабыт алсын!

Сонымен қатар, Алан спорттың кез-келген түріне қатысуға дайын. Ол жекпе-жектен мүлдем жүрексінбейді. Қорқыныш дегеннің не екенін білмейтін батырымыз жан-жағы клеткамен жабылған алаңда да бақ сынаған. Мысалы, «Без компромиссов 2 жекпе-жек бойынша аймақаралық турнирде» І орынға ие болған және екі мәрте жеңімпаз атанған. Спортқа келгенде Алан өте жауапты, әрі ұқыпты. Жаттықтырушысының сөзін екі етпейді және жаттырғу күнін еш ұмыт қалдырмайды. Бұл оның сүйікті ісі!

Сондай-ақ, Алан мектепте сабағын жақсы оқиды. Белсенді, озат оқушылардың қатарында. Ол 4-сыныпқа дейін қаламыздың № 5 мектебінде білім алған. Қазір Алан №1 мектеп лицейдің 5-сынып оқушысы. Сабағын тек төрттік және бестік бағамен оқиды. Мысалы, ол мектеп интеллектуалды ойындарға қатысып жүлделі орындар алған, мектепте батырлығы үшін де бірнеше мәрте марапатталған,қабырға газеті сайыстарына да қатысып бақ сынаған, қазақ тілі пәнінен өткен мектепішілік олимпиадаға қатысып ІІ орынға ие болған, ал орыс тілі пәнінен өткен олимпиада да І орын алған. Аланның мұндай жетістіктерінің саны өте көп. Осының өзінен оның қаншалықты білімге де құмар оқушы екенін аңғарамыз. Дәл осындай мақтан тұтарлық оқушыларымыз көп болса екен дейміз. Алан секілді еңбектеніп, тек қана алға ұмтылыңдар, шынығып шымыр болыңдар, үнемі ізденісте болып білім алыңдар, құрметті біздің кішкентай ғана оқырман!

 

 

Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!