Олжалы Олжас
Бір отбасынан беделі мұзды жарып шығатын бір тұлғаның болары анық. Ол мүмкін ғұлама ғалым, әуелеткен әнші, қаламынан жыр тамған ақын, мың бұрала билеген биші немесе Қажымұқандай батырдың ізін жалғаған балуан. Елімізде ел үмітін ақтап келе жатқан спортшыларымыз қаншама. Қазақтың атын әлемге әйгілі етіп жүрген чемпиондарымыз да жетерлік. Олар біздің мақтанышымыз. Міне сондай чемпионның бірі Шопанов Олжас Құрметұлы!
Олжас Қостанай қаласы, № 10 орта мектептің 5 сынып оқушысы. Мектептің бетке ұстар азаматтарының бірі. Тіпті, Олжас мектеп ішіндегі құрмет тақтасынан жарқырап орын алып тұр. Небәрі 5 сынып оқушы үшін бұл үлкен көрсеткіш. Олажс өте олжалы бала. Бұған дәлел оның жеткен жетістіктері. Айта кетейін, ол «жекпе-жектен Қазақстанның чемпионы», «Номад ММА бойынша Қостанай облысының екі дүркін чемпионы», «Самбодан Қостанай облысының чемпионы», «Греплингтен Қазақстан чемпионы», «Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы» және тағыда басқа жеңістердің иегері. Олжас спортпен 6 жасынан бастап айналысады. Бар жоғы төрт жыл уақыттың ішінде бірнеше мәрте чемпион атанып үлгерген Олжастың болашағы тек жүңісті күндерден тұратыны сөзсіз. Спортшы азамат шахматтан да жеңістерге жеткен және мектеп қабырғасында домбыра үйірмесіне қатысқан. Мектептегі концерттік іс-шаралардан қалмай қатысып отырған. Осыдан-ақ, Олжастың өте белсенді оқушы екенін аңғаруға болады.
Олжастың ата-анасы оның болашағынан зор үміт күтеді. Әкесі ұлының әлем чемпионы болуын армандайды. Анасы қандай жарыс болмасын баласына қолдау көрсетіп келеді. Олжастың бөлмесінің қабырғасы оның медальдері мен кубоктарына толып тұр. Оның шамамен 60-тан аса медальі бар екен. Неткен көз қуантарлық жетістік. Олжалы бала Олжасты алда талай жеңістер күтіп тұрғанына сенімімз мол. Ешқашан талмай, шынайы еңбектеніп, барынша тер төгіп, тек алға ұмтыла бер деп ниет білдіргіміз келеді. Алға, Олжас чемпион!
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ
Комментарии