Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

"Қарттарың қадірлеген ел ардақты".

Дата: 13.10.2020 Рубрика: Тастүлек
831
0
"Қарттарың қадірлеген ел ардақты".

Өткен қарттар күнінің мәні зор. Бұл күн қарттарымыздың жасын еске салу емес, қарттарға ерекше назар аудару күні еді..

Туған еліміздің өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Осы қымбатты адамдар үшін С. Мауленов атындағы гимназиясында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, мектеп оқушылары, "Жас Ұлан" ұйымы қарттар күніне құттықтаулар арнап,олардың жанын күздің жарқын күндері сияқты ашық түстермен бояды. Біздің сүйкімді әжелеріміз бен аталарымыз, аяулы қарттарымызға көптеген жылы сөздер айтты. Жүректен шыққан әсерлі де келісті видео-құттықтауларда қарттарға деген шексіз алғыс пен ризашылық танытылып, күзгі түстердей көркем де кескінді суреттер ата мен әжелерді тебірентті. Қарттар жастарға жиі жетіспейтін рухани жылылықты, мейірімді шыдамдылықты сақтап қала алды деп айтсақ, ешкімде күмән туындамас деген ойдамын. Біз қарттарға жасаған барлық істері үшін ризамыз. Сіздің өміріңіздің күзі ұзақ болсын. Пайда болған әжімдерден қорықпаңыз - олар сәулелер сияқты, сізді қоршаған адамдардың жүректерін жылытады.

«Қарты бар үйдің қазынасы бар,» - дейді қазақ. Расында да солай, ата-әжесі бар үйде береке мен молшылық бар сияқты. Сол себептен, әрқашан да, ата-әжелеріңізге құрмет танытып, олардың рухани дүниесінің бар сұлулығын сезінуіңізді сұраймыз.

Қазыналы қарттарымыз көп болсын, аман болсын!

Борамбаева Гүлдана

С.Мәуленов атындағы гимназия

9 «Ә» сынып оқушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!