Қарттарым – асыл қазынам
Күз мезгілінің бір жақсы жері, алғашқы айларында ерекше мерекелердің көп болы. Білім күні, ұстаздар күні, енді міне қарттар күні де артта қалды. Біз жыл сайын бұл күнді ерекше етіп атап өтеміз. Біздің ауылдың оқушыларының қарттарға деген құрметтері өте ерекше. Аталар мен әжелеріміздің мерекелеріне арнап суреттер салып, өлең оқып, ән айтып, жылы лебіздеріміз бен ақ тілектерімізді білдіреміз. Ол кісілер біздің әр сөзімізге мәз болып қалады. Сонымен қатар, қарттарымыздың үйіне барып, шаруаларына көмектесіп, олардың алғысы мен ризашылығына бөленіп, бізге берген батасын аламыз. Бұл біз үшін үлкен сауапты іс. Осындай жақсы істерді дәстүрге айналдырып, жыл сайын өзімізді міндеттейміз. Әр іске қуана ат салысып, ерекше ынтамен жасаймыз. Үлкен кісілердің жүзінен қуаныш көру біз үшін нағыз бақыт!
Қарттар біздің баға жетпес асыл қазынамыз, сондықтан қарттарымызды барында бағалай білуіміз керек. Айтқан ақылдарын тыңдап, қолымыздан келгенше қолғабыс еткеніміз абзал. Тек мереке күні емес, әрқашан шамамыз келгенше жәрдем беріп, құрмет көрсете білуіміз қажет. Себебі, біздің бақытты өмір сүріп жүргеніміз сол кісілердің арқасы. Қарттарымыздың дені сау болып, ұзақ жасап, тек бақытқа, қуанышқа толы күндерінің көп болуын тілейміз!
Әр сөзімен беретін ақыл, кеңес
Қарттарым байлығымсың баға жетпес
Ғасырлар өтседағы уақыт зулап,
Өсиетін, айтқаның естен кетпес!
Ардақ СЕЙТҚҰЛ
Жангелдин орта мектебі
10 сынып оқушысы
Жангелдин ауданы
Аралбай ауылы
Комментарии