Отбасым - бақыт мекенім
Дата: 06.10.2020 Рубрика: Тастүлек
1
2604
0
Отбасы жоқ адам қанатсыз құспен тең. Ал бір-бірін с ы й л а п , б і р і н - б і р і сүйіспеншілікке бөлеп о т ы р ғ а н о т б а с ы бар а дамдар өте бақыт ты жандар. Себебі қандай да б і р қ и ы н ш ы л ы қ болған жағдайда, отбасыңның ауызбіршілігі мықты болса, кез келген қиыншылықтан ж ұмылған ж ұ дырық тай өте шығасың. Ал мен өзімді ең бақытты жанға теңеймін. С е б е б і м е н і ң о т б а с ы м қасымда. Маған ақылын айтып отыратын атам, маңдайым иіскеп айналып отыратын әжем бар. Отбасының барлық жағдайын жасап қамқорлық көрсететін әкем, дәмді асын дайындап, күннің шуағындай мейірімге бөлейтін анам бар. Білмегенімді үйрететін ағам, меніңде кішкене болса да ересек екенімді еске жиі түсіретін інім бар. Сондықтан мен өз отбасымды жақсы көремін. Менің отбасым бақытты отбасылардың бірі деп айтсам қателеспеймін. Бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Шынында да солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол әр ата-ананың міндеті болып табыла ды. «Отбасы кішкентай мемлекет» демекші, мен өз отбасыммен айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасымды мақтан тұтамын.
Шахбану ЗӘКІРОВА, 5-сынып оқушысы Аманкелді ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі
Шахбану ЗӘКІРОВА, 5-сынып оқушысы Аманкелді ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі
Комментарии