Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Құмкешу киелі – мекенім

Дата: 06.10.2020 Рубрика: Тастүлек
591
0
Құмкешу киелі – мекенім
Құмкешу  менің туып-өскен ауылым. Көрсең көз тоймас аққұба жондары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, бәрі-бәрі біздің кіндік қанымыз тамған киелі Құмкешу топырағында жатыр. Қандай керемет десеңші. Бұл мекеннің атауы кең мағынаны беретін, қасиетті ұғым. Ата - бабаларымыз өскелең ұрпаққа осылай айтып жатады. Әрбір адамның тұрған мекені, өскен ортасы, туған аймағы, шағын мемлекеті, оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі ол – жүректі оттай жандырған Отаны бар екені бәрімізге де аян. Менің де сондай мекенім – Құмкешуім! Қайжақта жүрсең де, қандай мекенге барсаң да көкірегіңнің түбінде маздап жататын бір шоқ бар, ол сол туған жеріңнен тұтатып әкелген шоғың. Алыста ж үрс ең өзіне шақырып тұратын туған жердің тамыры өте терең ғой. Құмкешу мен үшін киелі мекен. Мен өзімнің туған жеріммен мақтанамын. Ерекше сезіммен еміреніп тұрып айтамын. Ауылымыздың табиғаты қандай керемет. Қараған сайын көзің тоймайды ғой. Бәрінен де ерекше ол ауылдың ыстық құмы. Оған бүкіл қазақ елі куә. Тіпті, шет елден де туристер келіп, біздің ауылдың құмына бір аунап-қунап кетеді. Бұл үлкен мақтаныш емес пе? Ау ы л д ы ң х а л қ ы өте қонақжай. Бірбірімен тығыз қарымқ а т ы н а с т а. Ер т е тұрып таза ауада бие сауу, сиыр сауу, күбіде қымыз даярлап, құрт қайнату сынды тірліктер ауыл әйелдерінің күнделікті істейтін ж ұ м ы с ы н а айналған. Ауылымыз жылданжылға гүлденіп, көркейіп келеді. А д а м д а р ғ а п а й д а с ы тиетін пайдалы жұмыстар ж а с а л у д а . Соның бірі жаңа ашылған қ ы м ы з х а н а . А у ы л ғ а қонақ болып келген. Жолай соғып кететін жолаушыларға қымыздан құйып, ыстық бауырсақтан дәм татқызатын бұл орын бәріне ыңғайлы болды. Келген, жолай адамдар жылы жүректерінен шыққан сөздерді айтып, алғыс білдіріп кетіп жатады. Менің туған жеріме деген махаббатым шексіз.

Ақерке МҰСА, Құмкешу ауылы 10 сынып оқушысы 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!