Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұлағатты ұстаздар

Дата: 06.10.2020 Рубрика: Тастүлек
513
0
Ұлағатты ұстаздар
Уақыт айналып тағыда ұстаздар күні де келіп жетті. Менің түсінігімде, ұстаз – ол өзінің шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам. Ал, өзгеге білім беру үшін, өзің одан мың есе білімді болу керексің. Демек, бұл әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Ұстаздық жолды жүрегінде түгі бар адам ғана таңдайтын секілді. Өйткені, өзге адамның баласын жауапкершілігіне алып, оның болашағы үшін барын салу өте қиын деп білемін. Олар бізге білімнен бөлек те көптеген нәрселерді үйретеді. Мұғалім біздің екінші анамыз. Менің анам мұғалім. Ол кісі бастауыш сыныпқа сабақ береді. Анама қарап отырып та, мұғалім болу оңай жұмыс емес екенін түсінемін. Шын ниетімен ұстаз болғысы келетін адам, оны бала күннен армандап, түсінеді, ой елегінен өткізеді. Қиындығымен қатар қызығыда қатар жүретін мамандықтың шыңына шығу үшін көптеген жылдарды жұмсау керек. Мен ұс таз дың ба ласы болғандықтан, менің жаман оқуға, нашар баға алуға қақым жоқ. Оқырман, мен газеттің тұрақты жазушысына айналдым. Танып, біліп алған боларсыңдар. Дегенмен, айта кетейін мен Нұр-Сұлтан қаласы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы  атындағы № 57 орта мектептің 6 сынып оқушысымын. Қостанай қаласында туыстарым мен достарым көп екенінде айтқан болатынмын. Сондықтан, бұл газетке алыста болсам да жазып тұрғым келеді. Сонымен, ұс таз дар күні де келіп жетті. Ендеше, мен өзімнің мектебімнің және барша ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүрек тен құттық таймын! Сіздердің жұмыстарыңызға тек қана табыс, береке, саналы да білімді шәкірттеріңіз көп болуын тілеймін. Сонымен қатар, маған әріп танытып, бастауыш сынып бойы сабақ берген алғашқы ұстазым Өмірбаева Салтанат Өмірбайқызына ерекше алғыс білдіріп, мерекесімен құттықтағым келеді. Ол кісі қазір зейнетте. Дегенмен, өзінің шәк ірт терін ұмытпайды деген үміттемін. Сынып жетекшім Нұркенова Жібек Жауынбайқызын ұстаздар күнімен құттықтағым келеді. Өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялап жүрген ұлағатты ұстаздардың алдында басымды иемін! Темірдей төзімді, сарқылмас білім, таусылмас бақыт тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Айым САДЫҚ Нұр-Сұлтан қаласы 6 сынып оқушысы  

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!