«Кім боламын?»
Мен өскенде кім боламын? - қандай қызық сұрақ еді, маған салса бір емес, бірнеше мамандықтың иесі болғым келеді. Өйткені мен өсіп келе жатқан бұл заман - дамыған заман және менің кіндік қаным тамған туған елімде біз үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Тек ерінбей еңбек ету қажет. Ендеше «Болашақта кім боламын?» деген сұраққа мен ең алдымен адамгершілігі мол жақсы адам, білімді оқушы, елімнің патриоты болғым келеді деп жауап берер едім. Мысалы, менің атам қаржы саласында, әжем есепші,ал әкем жан-жақты маман иеси негізгі мамандығы милиция, анам медицина қызметкері, ал Айда тәтем атам сияқты қаржы маманы.
Мен өскенде құрылысшы, суретші,архитектор,моделер, тілші мамандығын игергім келеді. Болашақта зәулім-зәулім көпқабатты үйлерді, саябақтарды,мектептерді, балабақшаларды салуды армандаймын. Оқушылармен ата-аналарға,ұлағатты ұстаздарға ыңғайлы болу үшін, алтын ұя 24-ші гимназия мектебімді үлкен, кең әрі әсем етіп салуды армандаймын. Арманыма қол жеткізуге, еңбектенуге тырысамын.
Жания НҰРҒАЛИ,
жас тілші,
Қостанай қаласы
Комментарии