Жануарларға қамқор болайық
Дата: 29.09.2020 Рубрика: Тастүлек
1
982
0
Ауладағы мысықтар, иттер, және де қүстар үшін қиын кезен келді. Күннен күнге күн суытып бара жатыр. Біз болсақ жылы киім киіп, жылы үйде, ыстық тамақ ішіп жылынамыз. Ал ауладағы жануарлардың дайын тамақтары жоқ, жылы дәліздерден адамдар қуады. Мен оларды қатты аяймын.
Анам екеуміз жыл сайын осы кезде құстарға жем салынатын ақырды ағашқа іліп, келесі көктемге дейін құстарды тамақтандырып отырамыз. Қаладағы құстар күнбағыс дәндерін жақсы көреді. Ал ауылда құстар жемге қуанады. Асханамызга торғайлар, сары шымшық, қызыл бауыр шымшықтар да ұшып келеді. Тамақты уақытында бермеген күнде, құстар тұмсықпен терезені қағады. Өте қызық көріңіс! Ал ауладағы мысықтарға тамақты шығарып береміз. Біздің көршілер де жануарларды тамақтандырып отырады. Қаңғып жүрген жануарлар үшін арнайы үй салу, менің арманым.
Түркияда осындай иттер мен мысықтарды , бақылайтың арнайы қызмет бар екен. Түріктер жануарларды ренжітпейді, кез келген жерде тамақтандырып жүреді. Мысалға ит көшедегі сәкіде дем алып жатса, оны ешкім сол жерден қуып шықпайды.
Жәмилә Сейтқанова, Қостанай қаласы

Комментарии