Толқын апай - сүйікті ұстазымыз!
Менің ұстазымның есім-сойы - Толқын Мирманқызы Нұржанова. Маған алғаш әліпбиді үйретіп, сабақ берген абзал жан. Ол кісі өте мейрімді де қайрымды. Сондықтан да сыныптастарымның бәрі де Толқын апайды ерекше жақсы көреді.
Толқын апай балаларға дәріс беріп, адамгершілік асыл қасиеттерге баулып келе жатқанына 22 жылдың жүзі болған екен. Төрт жылдан бері республика бойынша жаңартылған білім мазмұны бойынша сынақ сыныбында жұмыс істеген. Жеткен жетістіктері мен табыстары да көп. Қалалық және облыстық семинарларда ашық сабақ өткізудегі өнегелі тәжірибелері үздік атанып, талай рет мақтау марапаттарына ие болды. Сол сияқты осы бағыттағы үздік жұмыстары үшін ҚР Білім мен ғылым министрлігінің Мақтау қағазымен марапатталды.
Қазіргідей қашықтан оқыту, телесабақ жүргізу секілді күрделі жұмыстарда Толқын апайымыз басқаларға үлгі көрсетіп жүр.Оның тәжірибесінен үйреніп жүрген жас мұғалімдер дән риза.
Толқын апайымыз біз сияқты талай балаларға тиянақты білім,саналы тәрбие бергенін көп естідік.Қазірдің өзінде мектебіміздің Аиша Ишанбек, Дилара Сантаева секілді апайдың дәріс алған оқушылары ең озат әрі үлгілер қатарында. Олар түрлі олимпиадаларда жүлдегер атанып келеді.
Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Толқын апайымыз осыған әбден лайық кісі.
Біз сынып оқушылары Толқын апайымызды жақсы көреміз. Сондықтан да алда келе жатқан төл мерекесімен құттықтаймыз! Деніңіз сау, жүрегіңіздың жылуы арта берсін.
Дастан Дәуренұлы,
Қостанайдағы №10 мектептің оқушысы
Комментарии