Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұстаздар күні!

Дата: 29.09.2020 Рубрика: Тастүлек
701
0
Ұстаздар күні!

Бәрімізге белгілі қазан айының алғашқы жексенбісі - Ұстаздар күні Ендеше, ұлағатты ұстаздарымыздың төл мерекесі де келіп жетті деген сөз. Мен үшін ұстаз деген ұлы тұлға. Ерекше құрметке лайық жан. Өзін білім жолына арнаған еңбекқор маман. Мақтан тұтарлық, қызыға да қызғана қарарлық мамандық иесі деп білемін.

Ұстаз! Бес әріп, бір мақсат! Алғаш «Әліппенің» бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алмауы мүмкін емес. Өзінің шәкірттері үшін барын салатын, білім нәрімен сусындатып, үлкен өмірге қадам бастыратын сенімді тірек. Сондықтан, ұстаздарымызды қадірлеуіміз керек. Керек емес, өмір бойы естен шығармай құрметтеу міндетіміз деп білемін. Басқалардың алдында жаманымызды жасырып, жақсымызды асыратын, бар ақылын айтып отыратын аяулы ұстаздарымызға мәңгі қарыздармыз. Әлемге аты әйгілі болған ғалым да, елге танымал әртіс те, отан үшін отқа түсіп жүрген батыр азаматтарымыз да, талай шығармашы төрткүл дүниені тәнтә еткен ақын-жазушылар да ұстаз атаулыдан тәлім алған. Осыған қарап-ақ ол кісілердің еңбегі ерен екенін аңғарамыз. Олар жайлы жазылған өлең де, төгілген жыр да көп. Мысалы,

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән, жүрегі батыл, мінезі күн шуағындай жарқырап тұратын ұстаздардың бар болғанын мақтаныш тұтамын. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Кішкентай ғана баладан, білімді тұлға шығару оңай іс емес. Ол тек ұстаздың қолынан келетін табиғи күш!

Құрметті, ұстаздар! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізден озып шығатын шәкірттеріңіз көп болып, қашанда еңбектеріңіз жана берсін! Бүгінгі жасап жатқан еңбектеріңіз, біздің болашағымыздың айқын көрінісі. Алғысым шексіз, ұстаздарым өзіңе!

 

Тілек ҚАБИМОЛДА

Арқалық қаласы

8 сынып оқушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!