Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Менің отбасым

Дата: 22.09.2020 Рубрика: Тастүлек
906
0
Менің отбасым

Сәлем, оқырман! Менің есімім Айым. Мен он екі жастамын. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында тұрамын. Қостанайда менің достарым өте көп. Солар арқылы осы газет жайында естідім. Менде өз бағымды сынап, жазу мәнерімді тексеріп көргім келді. Сол себептен де жазып отырмын.

«Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Мен бүгін өзімнің отаным жайында айтқым келіп отыр. Әр адамның өз алтын ұясы бар. Менің де. Бүгін мен сендерге өзімнің отбасым жайында айтқым келеді. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын. Біздің отбасымыз үлкен деп айтсам болады. Олар, әкем, анам, үлкен ағам, кіші ағам, жеңгем және мен. Барлықтарын қатты жақсы көремін. Біз бақытты отбасымыз. Барлығымыз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Мен ағаларымның еркесімін. Олар менің қорғаныштарым. Меніңше, отбасы – адамның өміріндегі ең қымбат құндылық. Қиналғанда қайғыңмен бөлісетін, қуанғанда қуанышыңа ортақтасатын ең адал жандар. Сен қандай болсаңда олар үшін ең керемет жансың. Отбасы жоқ адам қанатсыз құспен тең секілді. Ұшқысы келгенімен ұша алмайды. Бірлік пен сенімнен құралған отбасы нағыз берік шаңырақ болмақ. Мен өзімнің отбасымды үлгі тұтамын және олармен мақтанамын. Асқар таудай әкем мен алтындай адам балалары, яғни біздер үшін барын салады. Оларға қашанда көмектесуге дайынмын. Әкем «сабағыңды жақсы оқығаның біз үшін үлкен көмек» деп айтады. Сондықтан да, мен мектепте жақсы оқимын. Одан бөлек, демалыс күндері жеңгеме үй шаруасына көмектесемін. Ол кісі мені қатты жақсы көреді. Жеңгем емес әпкемдей болып кетті. Отбасымызбен әр мейрамды, туған күндерді бірге қарсы аламыз. Достарымызбен сыртқа кетіп қалғанды емес, үйде болғанды жақсы көреміз.

Қазір біз онлайн оқып жатырмыз. Жаман індеттің кесірінен көп нәрсеге тиым салынды. Сыртқа маскасыз шықпаймыз. Мен далаға шығып бір мезгіл ойнағанды ұнатамын. Ағаларыммен доп ойнаймыз. Әрине, мен ағаларымды күнде көре бермеймін. Себебі, олар әскери адамдар. Бәріміз бірге болғанда сол сәттерді пайдаланып қалуға тырысамыз. Бірге қыдырамыз, демаламыз, дастархан басына жиналамыз. Осы сәттер мен үшін ең бақытты кезең болады. Карантинге қарамастан менің туған күнім ерекше өтті. Оның бәрі менің отбасымның арқасында. Олар маған көптеген сыйлықтар сыйлады. Әкем мен анам маған жаңа ұялы телефон сыйлады. Бұл мен үшін ерекше сыйлық болды. Мен отбасымның аман болғанын, бірлігіміз жарасқанын, қуанышымыздың көп болғанын, әкем мен анамның ұзақ жасағанын тілеймін!

 

Айым САДЫҚ

Нұр-Сұлтан қаласы

6 сынып оқушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!