Таныс болайық!
Сәлем, «Жасыл алма» газетін мен сияқты сүйіп оқитын оқырманым! Мен бүгін сендермен танысқым келеді. Өйткені, менде өздерің секілді осы газеттің тұрақты оқырманымын және болашақта тұрақты жазып тұрғым келеді. Сонымен, өзімді таныстырып өтсем, менің аты-жөнім Қабдыжамитова Динара Ерболқызы. Қостанай облысы, Арқалық қаласының тұрғыны боламын. Арқалық қаласының Кейкі батыр атындағы № 4 мектептің 7 сынып оқушысымын. Өздеріңмен замандаспын деген ойдамын.
Шынымды айтсам, мен «Жасыл алма» газетімен танысқаныма өте қатты қуаныштымын. Сол себептен де, өз бағымды сынып осы газетке жазылдым. Болашақта өзімнің түрлі жазбаларымды жазып отыратын боламын. Қолыма қалам алып, ақ қағазға ойымды ақтарып жазған ұнайды. Бірақ, мақсатым журналист болу емес. Себебі, мен өскенде Дина Нұрпейісова сияқты танымал күйші болғым келеді. Өйткені мен домбыра тартамын. Бірнеше күйді үйреніп жатырмын. Саусақтары бір-біріне тимейтін күйшілерге қарап қызығамын. Болашақта менде жоғарғы дәрежедегі күйші боламын!
Жалпы, мен мектепте домбырадан бөлек көптеген сайыстарға, байқауларға қатысамын. Мысалы: www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада сайты Қазақ тілі пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиаданың жеңімпазы атандым және бастауыш сынып қазақ тілінен өткен Республикалық Ұлттық Олимпиадасының 2 дәрежелі жүлдегері болдым. Одан бөлек, 5-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Алтын күз» байқауында 1 орынды иелендім. Бұл мен үшін үлкен жетістік болды! Болашақта көптеген байқауларға қатысып, өзімді әртүрлі қырымнан байқап көргім келеді. Әлі де көптеген жазбаларымды күтіңіздер!
Диана ЕРБОЛҚЫЗЫ
Арқалық қаласы
1 сынып оқушысы
Комментарии