Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Биылғы жаз естен кетпейді

Дата: 22.09.2020 Рубрика: Тастүлек
507
0
Биылғы жаз естен кетпейді

Барлық балалар үшін жаз ерекше жыл мезгілі. «Жаз» сөзі де құлаққа жағымды естіледі. Әдетте біз жазда көп қыдыратын едік. Тауға шығатын едік. Өкінішке орай, биыл қыдырған жоқпыз. Оған себеп әлемді қатерлі вирус жайлады.

2020 жылғы жаз менің өмірімдегі ерекше жыл болды деп айтамын. Мен көп уақытымды ата-анамның жанында өткіздім. Бала үшін бұдан асқан бақыт жоқ. Біз отбасымызбен өз өңіріміздегі ормандарға бардық. Онда таза ауамен демалдық, доп ойнадық. Әрине, ауылға да бардық. Ауылда менің нағашы әжем тұрады. Әжем маған айран берді. Мен айран ішкенді жақсы көремін.

Менің демалысым өте көңілді өтті. Себебі мен осы жазды өте көңілді өткіздім. Жақындарым үнемі жанымда болсын. Қуанышты сәттер көп болсын!

Сартай Нұржігіт,

Заречный орта мектебінің

2"А"сынып оқушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!