Біз өнерлі баламыз
Мектебіміздің алдында Шоқан атаның кітап ұстап тұрған мүсіні бар. Адамдар оған қарамай өтпейді. Мектебіміз жылы, жарық, сәулетті. Тәрбиелі озық білім берумен қатар, мектепшілік көңілді іс - шаралар жиі өтіп тұрады.
Сынып жетекшіміз Сəуле Жолтайқызы сабақты жақсы түсіндіреді. Сыныбымызда 30 оқушы бар. Мен озат оқушымын. Өнерді жақсы көремін, Əн айтып, би билеймін. Сурет саламын. Өткен жылы қазақтың "Қара жорға" биін билеп, сыныптасым Ислам "Күз ханзадасы", мен "Күз ханшайымы" атандым. Апайымыздың үйретуімен кәріс халқының биін де сахнаға шығардық.
Інім Нұртас та биге қатысып жүр. Биыл бірінші сыныпқа барды. Үш жастағы ініміз Нұрдос Абай атаның өлеңдерін жатқа айтып жүр.
Жұлдыз Аңсариева,
Ш.Уəлиханов атындағы
№1 мектептің 3 сынып оқушысы.
Арқалық қаласы.
Комментарии