Жаңашылдық - жарқын іс
IT- технологияны қолдану - балабақша мен ата – аналардың өзара ынтымағына жол ашу. Тағы бір мақсаты - білім беру жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру.
«Балдырған А» балабақшасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Робототехника» үйірмесі жұмыс істейді. Онда кішкентай бүлдіршіндер алуан түрлі конструкциямен танысып, өз қолдарымен «құлтемір» құрастырып шығарады.
Қазіргі оқшаулану уақытында педагогтар мен тәрбиешілерге қашықтықтан оқыту әдістемесін қолға алып, IT- технологияның көмегіне жүгінуге тура келді. Әлеуметтік желілер: «ватсап», «инстаграмм», «ютюб» арнасымен жұмыс істейміз. Балалардың ойлау қабілетін, қол маторикасын дамытатын бейнероликтер түсіріп, ата - аналардың «чатына» жібереміз. Кері байланыс орнатылған. Жүргізген іс - шараларымыздың балаларға қызықты екені көрініп тұрады. Ата - аналар педагогтарға, тәрбиешілерге алғыстарын айтуда.
Қорыта айтқанда: ақпараттық - технологияларды игеру - тәрбиешіге жаңа әлеуметтік - экономикалық сипатта өзін жайлы сезінуге және ашық білім беру жүйесінде жұмыс істеу мен даму режиміне көшуге көмектеседі.
Әсем Айбекқызы,
«Балдырған А» балабақшасының әдіскері.
Арқалық қаласы.
Комментарии