Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әнді сүйіп келемін

Дата: 15.09.2020 Рубрика: Тастүлек
498
0
Әнді сүйіп келемін

Алақай, енді мен 3 сынып оқушысымын! Жазғы демалысымыз артта қалып, жаңа оқу жылы басталды. Мен қатты қуандым. Себебі, жаз бойы үйде отырып мектепті сағынып кеттім. Әсіресе ән сабағын көп күттім. Қайтадан ән салып, қолыма микрафон ұстағым келеді. Бірақ, карантинге байланысты мектебімізде ешқандай мерекелік іс-шаралар болмайды. Дегенмен, сахнаға шықпасам да, музыка сабағында әуелетіп ән салсам жетіп жатыр.

Мен әлі кішкентаймын. Яғни төменгі сыныпта оқимын. Сондықтан әлі үлкен байқауларға қатысып көрген жоқпын. Менікі тек қызығушылық қана. Бірақ, осы қызығушылығым арта берсе екен деймін. Күнде ән сабағынан дайындалып, әдемі өлеңдерді жаттап, музыкаға өзімді бейімдегім келеді. Әкем мен анам да әнші болғым келетінін айтсам қарсылық білдірмейді. Керісінше ән айтқан сайын қуанады. Соның арқасында менің ынтам аса түседі. Біздің ауылда үлкен сахна жоқ. Елге танылған әншілерді де көрмедім. Өз араларында, жиын тойларда ғана жақсы дауыстарды естіп қаламын. Мен әлі бүкіл адамның көзінше ұялмай ән айтып үйренген жоқпын. Есейген кезде ұялуды қоямын деп ойлаймын. Өйткені, ән айту ешқашан ұят емес!

 

Айшабибі ЗЕЙНОЛЛА

3 сынып оқушысы

Рассвет ауылы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!