Президентпен аттаспын
Қолыма алып оқып отырған «Жасыл алма» газеті жайында достарымнан естідім. Менің де қызығушылығым артып, өзім жайлы жазғым келді. Бір жағынан өзіммен қатарлас оқырмандармен таныс боламын.
Менің есімім Қасым-Жомарт! «Рассвет» орта мектебінің 5 сынып оқушысымын. Иа, мен өзімнің есіміммен мақтанамын. Себебі, менің тегім Тоқаев. Байтақ елімнің тірегі, қазақ халқының қазіргі Президентімен аттаспын. Бірақ мен дүниеге келгенде елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болған. Ал, Қасым-Жомарт Тоқаев министр болып жүрген екен. Ата-анам қазір «президент болатынын» сезгенбіз деп әзілдеп жатады. Адамдардың бәрі маған сенде өскенде президент боласың деп айтады. Бірақ, мен мемлекетті басқарғым келмейді. Ол үлкен жұмыс. Оған көп білім керек екенін мен жақсы білемін. Менде жақсы оқуға тырысып жүрмін. Ізденіп те келемін. Дегенмен, менің арманым дене шынықтыру пәнінің ұстазы болу. Өйткені, менің спортқа деген қызығушылығым жоғары. Спортшы болуды мақсат тұтамын.
Тағыда жаңа оқу жылы басталды. Біз сөмкемімізді арқалап метепке жүгіріп кеттік. Сыныптастарым мен ұстаздарымды сағыныппын. Енді ойынды қойып, тек қана оқуға кірісетін уақыт келді. Кейде, мұғалімдер менің есімімді айтуға ыңғайсызданып жатады. Бұзықтық жасасам есімімді қатты дауыс шығарып айта алмайды. Осы жағынан менің жолым болды деп күліп қоямын. Бір жағынан, сабақты дұрыс оқымай, дайындықсыз келсем «мемлекет басшысының есімін арқалап жүріп сабақ оқымағаның ұят» деген сөздер көп естеймін. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, менің де есімімнің екі жағы болып тұр. Маған біріншісі ұнайды. Бәрі мені мақтаса екен деймін. Сол үшін де еңбектеніп, білімді оқушы боламын!
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,
«Рассвет» орта мектебі,
5 сынып оқушысы,
Рассвет ауылы.
Комментарии