Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Спортшы қыз

Дата: 15.09.2020 Рубрика: Тастүлек
834
0
Спортшы қыз
«Шынықсаң шымыр боласың» деген қағаиданы бала күннен берік ұстанатын спортшы қыздардың бірі Оспанова Назым Батырханқызы. Назым Қостанай қаласы №10 орта мектептің 6 сынып оқушысы. Ол бала күнінен спортқа құмар. Үйдің үлкені болған соң ба, Назым өте салмақты, ерекше сабырлы. Артынан еріп келе жатқан үш бірдей інісіне қамқор бауыр, әрі үлгілі әпке. Анасына қолғабыс жасап үй шаруасына көмектеседі. Тіпті, түрлі дәмді тағамдарды да пісіргенді жақсы көреді. Сонымен қатар мектептегі оқуын да үздік алып жүр. Көп уақытын спортқа жұмсаса да, ару қыз оқу озаты.
            Назымның қолға алып жүрген спорт түрі – самбо. Төменгі сынып оқушысы болса да, ол түрлі жарсытарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып үлгерді. Самбодан бөлек ол мектеп ішінде тоғыз құмалаққа, баскетболға және жүзуге де барады. Содай-ақ, мектепте өткізілетін мерекелік іс-шаралардан қалыспайды. Өзі тым белсенді оқушы. Назым ең бірінші самбоға бармай тұрып, таэквандоға қатысқан екен. Ол бір жылдың ішінде «жасыл белбеу» иегері атанған. Мұндай жетістікке жету нәзік жандылар тұрмақ, ер балалардың да қолынан келе бермейді. Осыдан-ақ, спортшы қыздың нағыз батыр, батыл екенін анық аңғаруға болады. Замандастарың қошеметке лайық емес пе?!
            Болашақ чемпион самбоға 2019 жылдан бастап қана қатысқан екен. Дегенмен оның жетістіктері өте көп. Бір ғана жылдың ішінде таңдаған ісінің биігінен көріну тек қана қайсар қазақ қызына тән. Спортшы қызымыздың жетістіктерін тізе кеткеніміз жөн болар: қазақ күресінен 2007-2008 ж.т.қыз балалар арасындағы Қостанай ауданының ашық турнирінде 42 келі салмақ дәрежесінде 3 орын алғаны үшін марапатталды, самбодан мектеп оқушылары арасында ашық облыстық турнирде 2 орын иегері атанды, 2007-2008 ж.т.қыздар арасында Грэплинг гиден Қостанай облысының чемпионатында 42 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Назымның бұдан басқа да жеңістері мен жеткен жетістіктері өте көп. Оның барлығын жаза беру мүмкін емес.
            Ең қызығы, жасынан спортқа құштар болып бойжетіп келе жатқан ару қыздың арманы бизнес леди болу. Болашақта өз кәсібін ашып, бизнес саласының үздігі болғысы келеді. Тек жеңіске ұмтылып жүрген кішкентай қыздың үлкен арманы міндетті түрде орындалады деп сенеміз. Себебі, оның алмайтын қамалы, бағындыра алмайтын асуы жоқ! Қолына алған істі міндетті түрде дөңгелетіп әкетеді. Ендеше, сәттілік саған, спортшы қыз!
 
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!