Мен мектепте оқимын
Мен ауылда тұрғаныма мақтанамын. Ауылдың кең байтақ жерінде емін-еркін ойнағанға не жетсін?! Балалармен қой бағып, сиырды өріске жіберіп, доп теуіп жүрген күндерім де тез өте шықты. Себебі, жаңа оқу жылы басталды. Мен енді кішкентай емеспін, бастауышпен қоштастым. Қазір мен 5 сыныпта оқимын. Туған жерім Рассветте білім алып жатырмын.
Қаланың балалары карантинге байланысты қашықтықтан оқып жатыр. Ал, біз мектепке барамыз. Өйткені, біздің ауылда байланыс жоқ. Оқушыларда үйден оқуға мүмкіншілік болмайды. Сол себептенде мен ауылда білім алып жатқаныма қуанамын. Маған мектепке барған ұнайды. Сыныптастарыммен уақыт өткізіп, білікті ұстаздардан білім аламын. Қаладағы таныс достарым қашықтықтан онлайн оқыған күшті дейді. Бірақ, маған мектепке барып оқыған әлде қайда ыңғайлы.
Сабаққа қарағанда маған спорт қызығырақ. Футболға бала күннен құмармын. Балалар жиналып жаз бойы ауылдың алаңынын шаңын шығарып ойнадық. Ауылда спорт мектебі болса бірінші болып барар едім. Дене шынықтырудан сабақ беретін ағайымыз бізді футболға үйретеді. Ол кісінің арқасында қазір мен жақсы ойыншылардың бірімін десем болады. Болашақта мықты футболшы болуды армандаймын. Жаңа оқу жылынының басталғанына қуаныштымын. Барлық сыныптастарыма оқу жылын тек бестік бағамен аяқтап шығуларын тілеймін. Ұстаздарыма сәттілік серік болсын!
Айдос ЗЕЙНОЛЛА,
«Рассвет» орта мектебі,
5 сынып оқушысы,
Рассвет ауылы.
Комментарии