«Спорт менің серігім»
Танысып қойыңдар балалар, Мұхамеди Аян Боранбайұлы, Қостанай қаласы № 10 орта мектептің 4 сынып оқушысы.
Әлі кішкетай болсада, Аян ер мінезді. Себебі, оның жасынан спортқа деген қызығушылығы мол. Былтырғы, яғни 2019 жылдан бастап самбоға қатысады. Дайындықтан мүлдем қалмайды. Соның арқасына әлі кішкентай болсада жарыстарға қатысып үлгерді. Мысалы, «Самбо күресінен жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнирде 28 кг салмақпен 10-11 жас санаты бойынша жүлделі 2 орын», «самбо күресінен жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнирде 24 кг салмақпен 8-9 жас санаты бойынша жүлделі 3 орынға», «самбодан жас ерекшелігі бойынша мектеп оқушылары арасындағы облыстық ашық турнирде 9-10 жастағылар арасында 24 келі салмақ дәрежесінде 3 орынға» ие болды. Болашақта жетістіктерінің көп болғанын қалайды.
-Мен самбоны қатты жақсы көремін. Жаттықтырушымыз бізді жақсы дайындайды және жеңіске деген ынтамызды қайратты сөздерімен арттыра түседі. Қазіргі таңда спорт - менің серігім, - дейді болашақ чемпион Аян Боранбайұлы.
Аян самбодан бөлек футбол ойнағанды ұнатады. Өзіне ұнайтын командаларының спортшыларын жатқа біледі. Жоғарғы сыныпқа көшкенде футболға ауысып кетуі де мүмкін көрінеді.
Сонымен қатар, Аян бірнеше уақыт жүзуге де барып жаттыққан. Өзін спорттық әр қырынан шыңдағанды жақсы көреді. Қазір карантинге байланысты ешқандай жаттығу орындары жұмыс істемесе де, ауладағы балалармен бірге шынығу жұмыстарын жасап, футбол ойнаудан бір жалықпайды. Болашақта үлкен спортшы болғысы келетін кішкентай балуанға тек қана сәттілік пен көп жеңіс тілеміз!
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ
Комментарии