Көп нәрсе күтемін
Менің жаңа оқу жыл бұрын басталған. Неге дейсіз бе? Себебі біз өткен жылы Аманкелді ауданынан, Арқалық қаласына көшіп келдік. Мен үшін бәрі жаңа болды. Жаңа мектеп, жаңа достар мен ұстаздар. Атам мен әжемнің қолында өскендіктен адамдармен тіл табысып кетемін. Соның арқасында жаңа ортаға тез үйреніп алдым. Дегенмен, ауылдағы мұғалімдерімді, сыныптастарымды, ауылдастарымды сағындым. Бір қуантарлығы олармен әлеуметтік желіде жиі сөйлесемін. Ғаламтордың арқасында олар қасымда жүрген секілді болады. Қашықтықтан оқу да солай өтті. Мұғалім сабақты жанымда отырып түсіндіріп отырғандай болады. Мен онлайн жүйеге үйреніп қалдым. Жаңа оқу жылының да қашықтықтан басталатынына уайымдамаймын. Өйткені, маған осы жүйе ұнайды және үйде отырып оқыған әлде қайда ыңғайлы. Сол үшінде биылғы жаңа оқу жылын қуана күттім.
Биылғы жаңа оқу жылынан көп нәрсе күтемін. Себебі, ғаламтор арқылы онлай түрде жүргізілген сабақтар қызықты болады. Ұстаздар түрлі бейне сабақтар мен әдемі суреттер арқалы тапсырмалар дайындайды. Бұл баланың көңілін көтереді деп ойлаймын. Сабаққа деген ынтасыда арта түседі. Менің інім екінші сыныпқа көшті. Ол әлі кішкентай. Сондықтан компьютерді түсіне алмайды. Телефонда тек ойын ойнауды ғана біледі. Сол себепті ол мектепке барады. Бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін бізде қайтадан мектепке барамыз деген ойдамын. Мектеп өмірі ең қызықты сәттерге толы ерекше кезең. Бұл сәтті бағалау керек. Жаңа оқу жылында барлық мектеп оқушыларына және сыныптастарыма бестік баға алуларын, ғаламторлары жақсы жұмыс істеуін, үлкен ізденіс пен тек қана сәттілік тілеймін!
Тілек ЖОМАРТҚЫЗЫ
Арқалық қаласы
7 сынып оқушысы
Комментарии