Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Нан дастарқанға қалай келеді?

Дата: 08.09.2020 Рубрика: Тастүлек
601
0
Нан дастарқанға қалай келеді?

Былтырғы оқу жылы мен бірінші сыныпта оқыдым. Бірінші сыныптың бірінші тоқсанында біз "Диқандардың еңбегі" туралы тақырыпты өткен болатынбыз. Бірақ мен диқан деген сөздің мағынасын жете түсінген жоқпын. Диқанның еңбегін өз көзіммен көргім келді.

Әкем мені егіс даласына апарды. Мен онда комбайнды көрдім. Тіпті комбайнға отырдым. Дала сары алтындай астыққа оралған. Мен егіс даласында жүрген кезде алтын күнмен шағылысқан даланың керемет байлығын көрдім.Керемет көріністі көзбен көру қандай тамаша! Егіс даласында қызу еңбек жүріп жатты. Жинап жатқан астықты қамбға апаратындарын айтты.

Қамба астық сақтайтын жер екен. Ол жерде астық ылғалдан, түрлі жәндіктерден сақталады.Содан соң қамбадан астықты диірменге апарады. Диірменші оны тартады. Бидайдан ұн жасайды. Ұннан нан жасалады. Біздің жейтін нанымыз дастарқанға осылай келеді екен.

"Нан дастарқанның сәні" деп тегін айтпаса керек. Енді мен нанның дастарханға қалай келетінін білемін. Сондықтан да нан қадірі мен үшін өте маңызды. Мен үшін даламыздың байлығы мен шынайы еңбекті көру үлкен маңызды тәрбие болды.


Нұржігіт Хамитжанұлы

Заречный

орта мектебінің 2"А"сынып оқушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!