Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Нұрасыл БОРАНБАЙ: «IT маманы болсам деп армандаймын»

Дата: 01.09.2020 Рубрика: Тастүлек
573
0
Нұрасыл БОРАНБАЙ: «IT маманы болсам деп армандаймын»

Таныс болыңыз: Нұрасыл Боранбай. Аманкелді ауданының сонау бір қиырдағы екінің бірі жете алмайтын жер – «Мұқантүбек» қыстағында тұрады. Нұрасыл биыл «Байғабыл» аулындағы орта мектептің 1 сыныбын бітіріп, екіншіге көшті. Сыныпты жақсы оқиды. Ес білгелі смартфон, компьютер, планшетке құмар болып, қазір тіпті ЮТУБ-та өз арнасын ашып алды.

-Мен орысша да, ағылшынша да қазір түсініп, сөйлейтін болдым. Бұл менен үлкен аға-апаларымнан көргенім, үйренгенімнен шығар. Отбасында апасы Әсемгүл, бала тәрбиесінде. Екінші апасы Гүлден Қостанайда университетте оқиды. Ағасы Нұрислам Байғабылда 11 сынып оқиды. Ең үлкен ағасы –Қасқырбай –журналист, Қостанайда.

Бірақ мен өз бетімше оқып-ізденіп жүрмін.-дейді Нұрасыл.

Нұрасыл –екі әженің ортасында өсіп келе жатқан ерке бала.. Өз әжесі -Дәмеш Әбдірахманқызы.Тыл ардагері. Сегіз құрсақ көтерген ардақты ана. Екінші, нағашы әжесі – Тұрсынкүл, еңбек ардагері, бес бала тәрбиелеп өсірген ол да ардақты апа.

-Нұрасылымыз елгезек, тілағыш, талапты бала!-дейді қос әже де немересін мақтай жөнелді.- Мал қайырып келеді, су тасуға көмектеседі, қора –қопсыны жөндеп, тазартуға қолғабыс жасайды.

Сабақ басталғанда нағашы әжесінің аулына барып, сол үйде жатып оқиды. Әкесі оны «Байғабылдан» «Мұқантүбекке» апта сайын демалыста әкеліп тұрады. Ал жаз шыға өз әжесіне, ата-анасы тұратын жайлауда болады.

Жазда күні бойы өзен –көл жағалап, балық аулап, жасыл шалғынға аунап-қунап демалса , жағынан бір әке-шешесіне үй шаруасына көмектеседі. Соның өзінде де бір мезгіл ғаламторды шарлап, дос-құрбылармен хабарласып, ой бөлісуге уақыт табады. Әсіресе заманауи ақпарат технологиясына қызығушылығы зор. Келешекте осы саланың маманы болғысы келеді. Несі бар, көп оқып, ізденіп, еңбек етуден жалықпаса, кез-келген адам арман- мақсатына жетері анық!

Әлжан Сүйіндікұлы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!