ОНЛАЙН
Жазғы демалысқа шықпай тұрып менің қашықтықтағы оқуым қалай болды? Шыны керек мен қатты қиналдым. Мектепте оқып жүрген кезімде мен көптеген оқушы бола тұра танымалдлыққа ие болған блогерлерді қарадым. Оларға қарап мен өте қызығатынмын. Себебі олар онлайнда қашықтықта оқып жүргендерін айтып және көрсетіп отыратын. Сол себепті болар мен қашықтықта оқуды қызық көретінмін. Компьютермен сабақ істеу маған өте қызық сияқты болды. Оның үстіне ұйқыдан ерте тұрмайсың, таң атпастан мектепке бармайсың және мектеп формасын кимейсің. Осылардың бәрін ойлап менде қатты қашықтықтан оқығым келді. Уақыт өте келе менің арманым орындалды деп санауға болады. Өйткені, біздің елімізге пандемия індеті келіп, көптеген адамдар коронавирус жұқтырды. Соның әсерінен елімізде карантин басталып кетті. Сондықтан барлық мектеп оқушылары қашықтықтағы оқу барысына көшті. Осылайша менің қашықтықтағы оқуым басталды.
Онлайн оқу басталғанда маған күрделі тапсырмалар берілді. Мұғалімді көзбе-көз көрмегенен кейін мен сабақтарды дұрыс түсіне алмадым, бірақ бәрін оңай орындадым. Күнімен компьютердің алдында отырудан көзім ауырып, қолым шаршағанымен мен өзімді еркін сезінетінмін. Мұғалімнен қымсынып отыратын парта болмағасын бәрін тез орындайтынмын. Дегенмен мектепте оқыған жақсы. Жаз бойы мектепке дайындалдым. Бірінші тоқсанда оқу қашықтықта болады, ал қалған тоқсандар мектепте болады деп ойладым. Жаздың соңында барлық тоқсан қашықтықта болатыны анықталды. Әрине, сыныптастарымды сағынатын боламын. Бір жағынан үйде болған өте ыңғайлы. Онлайн оқудың қыры мен сырына үйреніп қалдым.
Тілегім елімізде карантин бітіп, вирус кетіп, адамдар ауырмаса екен. Сосын мен арқама сөмкемді арқалап, үстіме мектеп формасын киіп, ақ бантигімді тағып мектепке барамын.
Мерейлім БЕКЕНТАЕВА
№20 орта мектебінің 6 сынып оқушысы
Комментарии