Нуради – шебер суретші
Дата: 25.08.2020 Рубрика: Тастүлек
0
688
0
Біздің поштаға Қостанай қаласының тұрғыны М. Горький атындағы гимназияның оқушысы Нуради Махамбет өзі салған комикстарды, және пластилиннен жасаған мультфильмдердің кейіпкерлерін жіберді. Нуради он жаста. Сурет салуды ұнатады екен. Бірінші суреттерін үш жаста салған. Ол кезде альбом динозаврларға толы болды. Содан соң суреттері танктер тақырыбына арналған. «Ал соңғы кезде монстрлармен, Brawl stars ойының кейіпкерлерін салып жүрмін» – дейді Нуради. Ол кейбір монстрларды тіпті өзі ойдан шығарады екен. Ал сурет салғаннан кейін, барлық кейіпкерлерді пластилиннен жасайды.
Әсем АЙНАБЕКҚЫЗЫ
Әсем АЙНАБЕКҚЫЗЫ
Комментарии