Екі домбыра ансамблі бар ауыл
Дата: 11.08.2020 Рубрика: Тастүлек
0
778
0
Қостанай ауданының Еңбек ауылында 1997 жыл дан бастап жергілікті орта мектепте домбра үйірмесі - ашылған. Бұл үйірме осы күнге дейін жұмысын жалғастырып келеді. Ал оны ашқан – музыка пәнінің мұғалімі Гүлфира Мерекеқызы Арстанбекова.
– Еңбек ауылына 1997 жылы көшіп келдім. Негізгі мамандығым мәдениет саласы. Домбыраны бала кезімнен тарта бастадым. Әкем Мереке Қазиханов он бала тәрбиелеп, осы қазақтың қасиетті қара домбы расын сонау қиын кезде он балаға он домбыра сатып - алды. Барлық он бала да осы әкеміздің жетекшілігімен үйреніп алдық. – дейді Гульфира Арстанбекова. Гүлфира «Еңбек» ауылы мектебіне музыка пәнінен дәріс беріп, сол алғашқы кезден-ақ балаларға домбыра үйірмесін ашып, тегін үйрете бастады. Осы 23 жыл ішінде көптеген оқушылар үйреніп, түрлі концерттерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
– Қазіргі таңда 22 оқушы еркін домбыра тарта ды. Жаң а дан үйренушілер – 13, барлығы 35 бала қатысып жүр, – дейді мұғалім.
Домбырашылар ансамблі аудандық мерекелік іс-шараларға қатысады. Көптеген түлектер табыс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда Дінмұхамбет Жүнісов мектеп қабырғасын бітіргеннен кейін Астана қаласында өткен домбырашылар сайысына қатысып, бас жүлдеге ие болды. Қазір Рудный қаласында музыкалық мектепте оқып жүр. Ағалы-інілі Әділет пен Нұрдаулет Кәкімжановтар, апалы-сіңілі Аружан мен Жанерке Жоламандар Қостанай қаласындағы қосымша домбыра үйірмелеріне қатысып, әрі қарай өнерлерін дамытып жүр. Республикалық сырттай байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мектептегі барлық концерттер осы домбырашылар ансамблімен ашылады. Домбырашылар тобының атауы 1997 жылдан «Ақ ниет», ал 2015 жылдардан бастап «Гүлдер-ай» деп, өзгертіліпті. Жетекшінің айтуынша репертуарда Абайдың, Дәулеткерейдің, Құрманғазының, Динаның, Жұбановтың, Тастановтың және т.б. күйлері бар. 2017 жылдан бастап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында репертуарға халық әндері қосылды. Ансамблдің жеке орындаушылары Ділназ Досанова, Айым Жоламанова, Нұрдаулет Кәкімжановтар бірнеше рет аудандық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Нұрдәулет «Үкілі домбыра» сайысына қатысып, 1 орынға ие болды. Қазір Гүлфира Мерекеқызы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
– Жұмыс көп. Бірақ домбраны қолымыздан ешқашан тастамаймыз, – дейді жетекші. Ол мектеп ұстаздарымен де шағын домбырашылар ансамблін құрды. Енді бір ауылда бір емес, екі домбра ансамблі бар!
Әсем АЙНАБЕКҚЫЗЫ

Комментарии