«Ермегім – ермексаз»
Дата: 09.07.2020 Рубрика: Тастүлек
0



Бүлдіршіннің әлемі тым бөлек. Ол әдемі әрленген ойыншықтар, түрлі-түсті бояулармен боялған су реттерге ерекше қызығады. Әсіресе, - мультфильм кейіпкерлерін жат тап алып, соларды салуға - бейім болады. Сондай балақайлардың бірі – Бекентай Хадия. Ол бар болғаны 6 жаста. Бірақ, өзінің жасына қарамастан Хадия түрлі мультфильм кейіпкерлерін жатқа біледі және олардың суреттерін айнытпай са лады. Тек қағаз бетіне са - лып қана қоймай, оларды ер - мексазбен әрлеп жасап шығады. - Кішкентай бүлдіршін өзінің жазғы демалысын осылай өткізеді екен. Хадияның айтуынша: «Мен сурет салғанды жақсы көремін және ермексаздан түрлі тәттілер жасаймын. Жазғы демалыста ермексаз – менің ермегім». Сонымен қатар, өздерің сияқты кішкентай оқушы Хадия орыс тілін жетік біледі. Ана тілінде де таза сөйлейді. Биыл ата-анасы қыздарын Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясына оқуға бермек. Бәріміз де, әр нәрседе үздік болуға ұмтылайық!
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ
Комментарии