СҰРАҚҚА – ЖАУАП
Дата: 09.07.2020 Рубрика: Тастүлек
0
736
0
«Сүйікті газетіміздің өткен нөмірінде шыққан мақалаларға «Тастүлек» деген айдар тағылған екен. «Тастүлек» деген қандай мағына береді?» – деп сұрапты, бізге жолдаған хатында Қарабалық ауданынан Ерсайын Қасымұлы деген балақай. Жауап берейік. – Тастүлек – үш жасар қыран қ ұстың баласы. Қазақ сал-серілері мен ақындары талай рет жырға қосқан. Айталық, Ақан Сері, Біржан Сал, Мағжан Жұмабаев, Қасым Аманжоловтың шығармаларында бар. Халқымыз мықты ұрпақ, жеткіншекті тастүлекке балаған. Елімізде 2013 жылы 25 минуттық осы сұңқар құс туралы анимациялық фильм де түсірілген. Сондықтан желкілдеп өскен құрақтай, талаптың тұлпарын мінген, сегіз қырлы, бір сырлы балаларды осы айдар аясында көргіміз келеді.
Редакция алқасы
Редакция алқасы
Комментарии