Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Сырбай Мәуленов есімі ұлықталды

Дата: 19.08.2025 Рубрика: Страницы истории
92
0
Сырбай Мәуленов есімі ұлықталды
Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, соғыс ардагері Сырбай Мәуленов есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталған. Ақынның атындағы гимназияда тағы бір маңызды оқиға болды – оқу орнының қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.
Іс-шараға ақынның ұлы, заң ғылымдарының докторы, профессор Қасым Сырбайұлы арнайы келді. Сондай-ақ ақын, драматург Ақылбек Шаяхмет бастаған қонақтар да қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
– Сырағаң – қазақ поэзиясына жаңа леп, жаңа форма әкелген ғажайып лирик. Ол кісімен дәмдес болып, қасында жүрдік. Бүгінгі іс-шара – үлкен құрметтің белгісі. Ағамыз бір аунап түскен шығар, – деді Ақылбек ағай.
Қасым Сырбайұлы әкесіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп:
– Бұл гимназия – жай мектеп емес, елдегі ең үздік жүз оқу орнының бірі. Әкемнің аты берілген мектептер ішінде ең озаты – осы. Бүгін мен үшін қуанышты күн. Бастамашыларға алғысым шексіз, – деді.
Ескерткіш тақтаның шымылдығын Қасым Сырбайұлы мен Ақылбек Шаяхмет бірге ашты. Іс-шара акт залында жалғасып, ақын жайлы деректі фильмдер көрсетілді. Оқушылар сұрақ қойып, қонақтар естеліктерімен бөлісті. Қасым Сырбайұлы ұстаздарға алғыс хат, ал бітіруші түлектерге грамоталар табыс етті.
Бұл күн – Сырбай Мәуленовтің есімі мен мұрасын дәріптейтін, жас ұрпаққа үлгі болатын ерекше сәт болып есте қалды.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!