Ыбырай тағылымы – ұрпаққа өнеге
Дата: 17.11.2026 Рубрика: Страницы истории
0
7
0

Рудный қаласындағы «Жастар» ресурстық орталығында мемлекеттік тілдегі кітапхананың ұйымдастыруымен ұлы ағартушы, көрнекті педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Халық мұрасы – Ыбырай тағылымы» атты әдеби семинар өтті.
Тағылымды шараның мақсаты – ұлт ұстазының әдеби, педагогикалық және рухани мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың бойында ұлттық сана, адамгершілік, еңбекқорлық пен білімге деген құштарлықты қалыптастыру. Семинарға ұстаздар, кітапханашылар, мектеп оқушылары, колледж студенттері, «Кездесу» клубының мүшелері мен білім саласының өкілдері қатысты. Шараның шымылдығы «Алтын домбыра» өнерпаздар тобының орындауындағы «Ер Тұран» күйімен ашылды. Құттықтау сөз сөйлеген «Рудный қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» директорының орынбасары Ольга Осипова қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.
Семинар барысында белгілі ақын, ыбырайтанушы Серікбай Оспанов және білім саласының өкілдері мазмұнды баяндамалар жасады. Атап айтқанда, №8 мектеп директоры Қымбат Бирманова, Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің оқытушысы Зибагүл Жұматаева мен кітапханашы Нұрсәуле Темірханқызы ағартушы мұрасының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды.
Жас өнерпаздар да шараның мазмұнын байыта түсті. Міржақып Дулатов атындағы мектеп оқушылары Ыбырай өлеңдерін мәнерлеп оқыса, №8 «Келешек» мектебінің тәрбиеленушілері «Білімге бастар ақ жол» атты сахналық көрініс ұсынды. Кештің құрметті қонағы – Ыбырай Алтынсарин Торғайда ашқан мектептің түлегі, кейін осы білім ордасын басқарған, «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері Рашила Каленова болды. Ардагер ұстаз естеліктерімен бөлісіп, қатысушыларға ақ тілегін арнады.
Шара соңында белсенді қатысушылар мен баяндамашыларға Алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ қазақы дәстүрмен арнайы келген ақын Серікбай Оспанұлына құрмет көрсетіліп, иығына зерлі шапан жабылды.
«Осындай кездесулер арқылы ұлы ағартушының мұрасын кейінгі буынға танытып, оның ізгілік пен білімге негізделген идеясын насихаттауды мақсат етеміз», – дейді мемлекеттік тілдегі кітапхананың меңгерушісі Гүлбараш Уалиева.
«Кел, балалар, оқылық!» деп ұрпақты білімге шақырған Ыбырай Алтынсариннің өнегелі жолы мен рухани мұрасы ешқашан маңызын жоғалтпайды. Тағылымды семинар ұлт ұстазына деген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісіне айналды.

Комментарии