Абай – ұлы тұлға
Дата: 19.08.2025 Рубрика: Страницы истории
0
132
0

Абай күні мен ұлы қазақ ақыны, ағартушы, аудармашы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Шолақсай ауылдық кітапханасында «Абай — Ұлы тұлға» атты тағылымды әдеби кеш өтті.
Шараның негізгі мақсаты — ұлы ойшылды еске алу, оның шығармашылығын кеңінен насихаттау, сондай-ақ жастарға Абай мұрасындағы терең даналық пен өмірлік тағылымды жеткізу еді.
Кітапхана іші Абай рухына толы ерекше атмосфераға бөленді. Кеш қонақтары ұлы ақынның жүрекке жетер өлеңдерін нақышына келтіре оқып, оның әуезді әндерін шырқап, шығармашылығына қатысты әсерлі ойларымен бөлісті.
Әрбір өнер көрсету — ақынға деген сүйіспеншіліктің, қазақ руханиятына деген құрметтің, рухани азыққа деген іңкәрліктің айқын көрінісі болды. Кеш барысында Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқылып, олардың мәні мен мазмұны жайлы пікір алмасулар ұйымдастырылды.
Жас буын өкілдері үшін бұл кеш — тек мерекелік шара ғана емес, ұлы ойшылдың адамгершілік қағидалары мен өнегелі өмір жолынан үлгі алуға шақырған рухани сабақ болды.
Комментарии


