Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Дата: 19.08.2025 Рубрика: Страницы истории
72
0
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Федоров ауданының мектептері ерекше челлендж бастады. Олар ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әнін орындап, өз өнерлерін әлеуметтік желіде бөлісуде.
Бұл бастамаға қазірдің өзінде ауданның үш мектебі қатысып үлгерді. Мұғалімдер мен оқушылар әнді өз жүректерінен өткізіп, әсем дауыспен орындады. Әр мектеп өз видеосын жариялап, басқа мектептерді де эстафетаны жалғастыруға шақырды.
– Абай – қазақ руханиятының темірқазығы. Біз оқушыларымызға оның шығармаларын сезініп, түсініп, жүрекпен қабылдаса дейміз. «Көзімнің қарасы» – мағыналы ән, ол арқылы балалар Абай әлеміне жақындай түсті. Мектебімізден 5-сынып пен 8-сынып оқушылары қатысты. Оларды дайындауға мұғалімдер мен әдіскерлер екі апта уақыт жұмсады, – деді Ы. Алтынсарин атындағы мектеп директоры Нұргүл Қоңқас.
Оқушылар әннің мағынасына терең үңіліп, әр сөзін түсінуге тырысты. Бұл жұмыс олардың тек өнерін ғана емес, Абай мұрасына деген құрметін де арттырды.
Челлендж алдағы уақытта ауданның басқа да мектептерінде жалғасады. Әр білім ордасы Абайдың әндері мен өлеңдерін орындап, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті насихаттайтын болады. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!