Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«100 кітап» – бәріміз бірге оқимыз!»

Дата: 19.08.2025 Рубрика: Страницы истории
111
0
«100 кітап» – бәріміз бірге оқимыз!»
Биыл елімізде бір ерекше мереке пайда болды – 23 сәуір – Ұлттық кітап күні. Бұл күнді Президентіміз кітап оқуды көптеп насихаттау үшін бекіткен екен. «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу» деді ол.
Ұлттық кітап күнімен бірге қызықты жаңа жоба басталды – «100 кітап» сауалнамасы. Онда қазақстандықтар өздері жақсы көретін кітаптарға дауыс берді. Сауалнама 23 сәуірден 9 тамызға дейін eGov.kz порталында өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен 100 мыңнан астам адам дауыс беріп, сүйікті кітаптарын таңдады. Нәтижесінде, тізімге қазақ әдебиетінің классикалық шығармалары да, қазіргі заман жазушыларының кітаптары да енді.
Қазақстанның Халық жазушысы Төлен Әбдік бұл жобаның маңызы зор екенін айтып:
– Бұл 100 кітап – халықтың сұранысы. Мүмкін, тізімдегі кей кітаптар сізді таңғалдыруы да мүмкін. Бірақ бұл – бүгінгі оқырманның таңдауы. Жоба әлі де жалғасады. Қазақ әдебиетінің қазынасы 100 кітаппен шектелмейді, – деді.
Толық тізімді Ұлттық құрылтайдың ресми сайтынан көруге болады. Ең қызығы – бұл жоба енді жыл сайын өткізіліп, жаңа кітаптармен толығып отырады.
Балалар, сіздер де «100 кітап» тізіміндегі шығармаларды оқып, өз достарыңызбен бөлісіп көріңіздер. Әдебиет – қиялымызды байытып, білімімізді арттыратын ең жақсы дос!

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!