Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз
Дата: 30.09.2025 Рубрика: Стань профи
0
76
0

Алда ерекше мереке мұғалімдер күні келе жатыр. Осы бір қасиетті ұғымның астарында тұтас ұлттың рухани тірегі, елдің ертеңін қалыптастыратын күш жатыр.
Мұғалімнің уақыты сағатпен емес, шәкірттің тағдырымен өлшенеді. Оның әр айтқан сөзі – бала жүрегінде із қалдырады, әр берген білімі – болашаққа жол ашады.
Қазақтың ағартушылық тарихында ұстаздық ұлы жолдың бастауы – Ыбырай Алтынсариннен басталады. Ол алғаш мектеп ашып, білімге үндеу тастады. Оның «Кел, балалар, оқылық!» деп басталатын жыр жолдары – әр буынның көкірегінде жатталып қалған асыл сөз. Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов сынды тұлғалар да ұстаздықты тек білім беру ғана емес, ұлттың санасын ояту, елдік рухты қалыптастырудың жолы деп білді. Осы ұлы мақсат бүгінгі ұстаздардың миссиясымен ұштасып жатыр.
Менің өмірімде осындай асыл қасиеттердің барлығын бойына сіңірген, жүрегімде мәңгілік орын алған ұстаз бар. Ол – мен үлгі тұтатын, мектеп кезіндегі білім мен тәрбие жолындағы шамшырағым, бүгінгі таңда әріптесім болып отырған Нұржамал Хасенова. Нұржамал Сәбитбекқызы педагогикалық Торғай селосындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінен бастап, кейін Рудный қаласындағы №15 орта мектебінде, ал қазір Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясында қызмет атқарып келеді. Нұржамал Сәбитбекқызы оқытудың жаңа технологияларын жетік меңгерген жаңашыл ұстаз. Өз қызметіне жауапкершілікпен қарап қана қоймай, мектеп өміріне белсене араласқан, ізденісі мол оқушыларды үнемі мадақтап, ерік-жігерін шыңдай түсті. Өн бойынан қызметіне деген адалдық, еңбексүйгіштік, өз Отанына деген шексіз махаббат ерекше байқалып тұрады.
Әрбір ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, еңбекқор жан. Жас кезінен жаратылыстану пәні бағытындағы физика пәніне деген құштарлығы басым болды. Ол тамаша талант иесі. Адамгершілігі жоғары, кішіпейіл, жан-жақты ұстаз. Жаңалыққа жаны құштар, педагогикалық жаңалықтарды назардан тыс қалдырмайтын ізденімпаз, шығармашыл мұғалім. Оқушыларға білімді меңгертуде қазіргі талапқа сай жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдаланады, өткізген әр сабақтары мағыналы, қызықты және нәтижелі. Өмір бойы ұстанымы – жақсылыққа, жаңалыққа ұмтылыс. Қала төңірегінде және педагогикалық ұжымға үнемі өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп келеді. Осы жолдағы еңбектері журналдарда да жарық көріп келеді.
Мол тәжірибесімен бөлісе отырып, республика ұстаздарына таптырмас құрал ұсынды. «Мұғалім іс-тәжірибесінің маржандары» атты мектебіміздің озат мұғалімдерінің жинағына енді. Қазақстан Республикасының өркендеуіне қосқан үлесімен жоғары кәсіби шеберлігі үшін «Үздік адамдар» халықаралық энциклопедиясы редакциясының Қазақстан, Белорусия, Ресей, Украина президиум кеңесінің дипломымен марапатталып, энциклопедияға енді.
Өзінің жеке сайты бар. Түрлі әдістемелік құралдар, тапсырмалар, сабақ үлгілері, ізденіс жұмыстары, шығармашылық жұмыстары енгізіліп, ғаламтордағы барша әріптестерімен серіктестікте жұмыс жасайды. Қалалық, облыстық, аймақтық, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндамалары жинақтарға енген. Білім додасына оқушыларды дайындаудағы шығармашылық шеберлігі мен өскелең ұрпаққа сапалы білім, тәлімді тәрбие беру ісіндегі зор жетістіктері үшін қалалық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының мақтау қағаздарымен, құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталды. Жоғары еңбек жетістіктері үшін облыс әкімінің грамотасымен марапатталды.
Әріптестері, ата-аналары, білім ошағында білім алып жатқан оқушыларының арасында үлкен беделге, жоғары құрметке ие болған абыройлы да, ұлағатты ұстаз.
Алтын Молдашева, Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі, Рудный қаласы

Комментарии