Біздің мектептің жаңашыл директоры
Дата: 30.09.2025 Рубрика: Стань профи
0
132
0

Мөлдір Маратқызы Спандияр Көбеев атындағы мектептің директоры. Ол мектепке келгеннен бері оқушылар үшін қызықты да пайдалы жаңалықтар енгізіп жүр.
Мөлдір апайымыз Алматыдағы Қыздар педагогикалық университетінде білім алған. Еңбек жолын өзіміздің №10 мектепте лаборант болып бастапты. Кейін тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып жұмыс істеп, бірнеше жылдан соң туған мектебіне директор болып оралды.
Мектепке келген соң Мөлдір апай ең алдымен тәртіпке назар аударды. Оқушылардың барлығы мектеп формасын дұрыс киюге міндетті. Кезекші оқушылар бейджик тағып жүреді. Ал ең қызығы – әр аптада жаңа дәйексөз жаттау дәстүрге айналды.
– Дәйексөздер адамды ойландырады, тәрбие береді. Жыл бойы көптеген ақылды сөздерді есте сақтауға мүмкіндік туады, – дейді директорымыз.
Үзілістер де енді бұрынғыдай емес. Бастауыш сыныптарда шахмат ойыны ұйымдастырылса, орта және жоғары сынып оқушылары асық атып, көңіл көтереді.
Сонымен қатар, мектепте «Көбеевті тану» жобасы басталмақ. Бұл жобада оқушылар жазушы Спандияр Көбеевтің өмірі мен шығармашылығымен танысады. Мөлдір апайдың өзі жазушының «Қалың мал» романын ерекше жақсы көреді екен.
Тағы бір қызығы – директорымыздың «жазу құпиясы». Ол өз армандарын әдемілеп дәптерге жазады. Қайта-қайта оқиды. Арманды тек жазып қоймай, оған жету үшін әрекет жасау керек екенін үнемі айтып отырады.
Осылайша, Мөлдір Маратқызы бізге тек білім ғана емес, тәртіп пен жауапкершілікті де үйретіп жүрген жаңашыл ұстаз.
Аида ЯЛОВЕНКО

Комментарии